Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Көрші елге қарашы! Қырғыз сомы — ТМД-ғы ең мықты валюта

332

13950726_135438696896081_2124135128_o-e1470747305612

Қырғыздың сомы – еркін жүрген валюта

«Қырғыз Ұлттық банкі айырбас бағамын не күшейтуді, не әлсіретуді мақсат тұтпайды — өйткені Қырғыз Республикасында еркін айырбас бағамы енгізілген. Яғни, айырбас бағамы тікелей ұсыныс пен сұраныс негізінде анықталады, — делінген ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие операциялары басқармасының жауабында. — Ұлттық банк қажет болған жағдайда өз тарапынан айырбас бағамының күрт ауытқуларына жол бермеу мақсатында валюта интервенцияларын жүзеге асырып отырады. 2016 жылдың басынан бері АҚШ долларының сомға қатысты динамикасы түрлі бағыттық сипатта болды. Егер жыл басында АҚШ долларының айырбас бағамы көтерілсе, наурызда оның кері сипатта болғаны байқалды».

Айта кетсек, биыл жыл басынан бері Қырғызстанның бас банкі доллар сату бойынша үш интервенция жүргізді — 28-қаңтарда, 6-сәуірде және 28-шілдеде. Бірақ реттеуші көп ретте долларды сомның нығаюына қарай сатып алып отырған.

Жалпы, 2016 жылдың басынан 8-тамызға дейін сом өзінің АҚШ долларына қарсы 9,6 пайызға күшейген

som-e1470746728754

«Сомның нығаюына Қырғыз Республикасы үкіметінің экономиканы долларсыздандыру бойынша атқарған шараларының арқасында қол жеткізілді, — дейді Ұлттық банктегілер. — Атап айтқанда, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы ұлттық валютада көрсетілетін болды. Бұдан бөлек, ұлттық валютадағы міндетті қор талаптарының көлемі азайтылып, шетел валютасында, керісінше, көтерілген. Жаңадан берілген несиелер бойынша клиент табысының валютасына сәйкес әлеуетті шығыстар мен залалдардың орнын толтыруға арналған резервтер туралы нормативтер енгізілді. Шетел валютасымен берілген ипотекалық несиелер қайта құрылымданды және ұлттық валютаға ауыстырылды. Маусымдық факторлар, сондай-ақ әлемдік қаржы нарығындағы жағымды жағдай да (АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесінің жұмсақ саясаты, мұнай бағасының артуы) өз рөлін атқарды. Осының барлығы Қырғыз Республикасы ішкі валюта нарығына қатысушылардың болжамына жағымды әсер етті».

Бұл жаңалық қазақ сарапшыларына ұнамайды!

Алайда, біздің сарапшылар бұл жаңалықты сыни тұрғыдан қабылдады.

— Сом нығаюының түбегейлі экономикалық негізі жоқ. Кемшіліктерден өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтағы бәскеге қабілеттілігінің нашарлағанын атауға болады, — дейді Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры Жәнібек Айғазин. — Валютаның мықты болғаны тек импортпен айналысатын компанияларға тиімді. Дегенмен, елдің макроэкономикалық индикаторларына қарайтын болсақ, олар компаниялардың әлжуаздығын көрсетеді: 2016 жылғы 1-тоқсанда экспорт 27 пайызға құлдыраса, импорт 13 пайызға құлаған, ЖІӨ бірінші тоқсанда 2,3 пайызға, ал өнім өндіру көлемі 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта 20 пайызға қысқарған. Экономикадағы сұраныстың тарылуынан кейін баға құлдырай бастайды — маусымда дефляция 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, 1,8 пайызды құраған. Көпшіліктің сатып алу қабілеті құлдырайды. Тиісінше, адамдар жиған-тергенін жұмсай бастайды — маусымның соңында халықтың депозиті 2015 жылдың аяғымен салыстырғанда, 3 пайызға азайған. Атап айтарлығы, сыртқы берешек ЖІӨ-нің 60 пайызын құрайды. Нәтижесінде, экономикадағы сұраныс құлдырайды, сыртқы нарықтағы сұраныс та (экспорттың құлауы) құлдырайды, валюта қымбаттайды (қырғыз сомының шынайы тиімді айырбас бағамы теңгеге қатысты 143-ке, рубльге 133-ке дейін көтерілді), ақша массасы мен база тарылады (монетаралық саясат рестриктивтілігінің элементтері). Міне, осылардың нәтижесінде сом нығайып жатыр…

Сарапшының айтуынша, «бұл дегеніңіз, Қырғызстанның макроэкономикалық көрсеткіштері әлжуаз деген сөз, ал бұл, өз кезегінде, сом орташа мерзімдік болашақта тұрақты бола алмайды дегенді білдіреді».

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз