Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
6
USD
425
+1.44
EUR
498
+0.42
RUB
5.56
-0.01

Кәрімовтың орнына келетін адам белгілі болды

Өмірбаян бойынша, Мирзиёев 1957 жылы 24 шілдеде Жизақ облысы Заамин ауданында дүниеге келген. Ұлты – өзбек. Білімі – жоғары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент. Еңбек жолын 1981 Ташкенттегі ауыл шаруашылық ирригациясы және механизациясы инженерлерінің институтында бастап, кіші ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, оқу ісі жөніндегі проректр болып істеген. 1990 жылы республиканың Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, Мандат комиссиясының төрағасы болды. 1992 жылдан бастап депутаттық қызметінде жүріп, атқарушы билік органдарында жұмыс істеді (аудан, облыс басшылығы). 2003 жылдан бастап президент қызметін уақытша атқарушы болып сайланғанға дейін Өзбекстан премьер-министрі қызметін атқарды.

Ресми өмірбаянда айтылғандай, Мирзиёев “Еңбек ері” және “Айбынды еңбегі үшін” ордендерімен марапатталған. Үйленген, үш баласы және бес немересі бар.

Мирзиёевтің сайлау қарсаңындағы бағдарламасында айтылғандай, “мемлекет ешқандай әскери-саяси блоктарға қосылмайды, аумағында өзге елдердің нысандары мен әскери базаларын орнатпайды, бұған қоса жауынгерлерінің шетелде соғысуына жол бермейді”.

Өзбекстандағы президент сайлауы биыл 4 желтоқсанда өтеді.

f44952c4-af7e-4916-8cb8-9c544c9d613e_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз