Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
8
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Кәрі қыздар көп. Бұған қыздың «қыздығына» қарайтын дәстүр кінәлі ме?

200

Жоқ. Қыздардың қалай да күйеуге тию үшін «қыздық» тігетін жерлерге барып, қыз қалпына қайта келуге тырысары анық. Әлеуметтік желілерде жиі талқыға түсетін тақырыптардың бірі осы.

«Қазір басқа заман». «Қыздыққа» қарамау керек пе?

Фейсбуктегі парақшасына қазақтың бір қызы (аты-жөнін келтіруді қажет деп таппадық) осы мәселені тағы көтерген екен. Ол:

«Бағана бір құрбыммен дауласып қалдым. «Қазір басқа заман. Бұрынғыдай қыздық деген түсінік жоқ» дейді. Мен болсам, келіспедім. Сүйген жарыңа пәк болып тию керек қой? Әлде, бұл түсінік заман талабына сай ескіріп қалған ба?!»,

деп жазады.

Бұған жауап жазғандардың пікірі, көзқарасы әр түрлі. Соның бір-екеуіне тоқтала кеткенді жөн көрдік.

  • «Адам баласы адамша тұрмысқа шығуы керек қой. Мал сияқты әркіммен косыла бермей, болашақ жарына арнауы керек өз пәктiгiн. Егер қыз тұрмысқа пәк болып шықпаса, онда адамдық қасиеттен жұрдай болғаны және қыздың пәктігіне көңіл бөлмейтін еркекте де адамдық қасиеттін болмағаны! Ал алданып, арбалып пәктігінен айырылған қыздар шындығын тұрмысқа шықпай жатып айтуы керек! Ешбір қызды ешбір еркек шынайы еркінен тыс қыздығынан айырмайды. Егер сол пәктігінен айырылған қыздар өздерінде күнә болмаса, сол еркекті сотқа берер еді! Қазір қыздардың өздері еркекті бірінші болып жыныстық қатынасқа шақырады».
  • «Пәктік – ең алдымен қыздың арының, намысының қаншалықты биік екенін дәлелдейді. Қыз болудың маңыздысы – жатыр таза болуы керек. Егер қыз таза болмаса, бұрын болған жігіттері генетикалық кодын қалдырып отырады. Сосын кейін бала өз күйеуінен бітсе де, оның генетикалық жолмен берілетін мінез-құлқы, қылықтары бұрын болған гені мықты жігітке ұқсап кетеді. Бұл медицинада дәлелденген».
  • «Қазір жасанды қыздық көп болып кетті. Бүгінгі қыздар оңды-солды қыдырып алған соң тұрмыс құрарында ұнатқан жігітіне қыз болып көріну үшін жасанды қыздық салдырады, оның екі-үш күндігі, бір апталығы да бар. Ақшасын берсең, кез-келген xирург салып береді екен. Кей қыздар пәк бола тұра басқа да ерсі қылықтар істейді, мысалы: ауызға алу, қыздығын сақтау үшін анал мүшесімен төсектес болуды жөн көреді. Сондықтан нағыз пәк қыздар аз шығар бұл заманда!».

Бұл пікірдің қай-қайсысымен де келісуге болады. Сіз не дейсіз? Бүгінгі таңда қыздың «қыздығы» бойында сақталуы керек пе, әлде міндет емес пе?

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз