Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Күрдтер қауымдастығының төрағасы: Бізге барлық жағдай жасалып отыр

111

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының президенті Князь Мирзоев Ұлт жоспарының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруге мүмкіндік берумен қатар, ел дамуының жаңа тарихи кезеңіне өтуге жол ашатын стратегия екеніне сенімді деп хабарлады “Айқын” газеті.

– Президенттің бес инсти­тут­тық реформаларының ішінен біз төртіншісіне, яғни, болашақ бір­текті ұлтты, жалпықазақ­стан­-дық біркелкілік пен этностар ара­сындағы келісімді қалып­тас­тыруға ерекше мән береміз. Мұн­да тұратын барша этнос өкілдері Мәңгілік ел жалпыұлттық идея­сынан сусындап, болашақ ұлт ал­дындағы тұрған мақсат-мүд­делер мен жоспарларды жүзеге асыруға бірдей атсалысуы керек, – деп сөзін қайырады.

Князь Мирзоевтың ойынша, ассамблея аясында қазақ ұлты мен басқа да этнос өкілдерін жа­қындастыруға, келісімді нығай­туға барлық жағдай жасалып отыр. Өз кезегінде ассамблея өкілі Қазақстан күрдтерінің 75-85 пайызына дейін қазақтілді екенін баса айтады. Еңбек нары­ғында бәсекеге қабілетті болу үшін күрдтер балабақша, мек­теп­тен бастап балаларын қазақша үйретіп келеді екен.

«Біз «Бар­банг» күрдтер қауымдастығында 5 жыл қатарынан мемлекеттік тілді үйретіп келеміз. Бізде қазақ тілін үйрететін 3 топ бар. Тілге де­ген сұраныс тек оқушылар мен студенттер арасында ғана емес, ұстаздар, кәсіпкерлер, әртүрлі сала өкілдері тарапынан да жо­ғары. Олардың барлығы да Дос­тық үйінде тілді үйреніп жүр. Біз жыл сайын қазақ тілін еркін мең­герген күрд жастары арасында байқау ұйымдастырамыз. Жастар өзара бәсекеге түсіп, мемлекеттік тілді бұдан да терең игеруге ты­рысады» -дейді күрдтер қауым­дастығының президенті.

Бүгінде зерттеулерге сенсек, әлемде жылына 10-нан 25-ке дейін жазуы жоқ тілдер жойы­лады екен. Ал Қазақстанда тек мемлекеттік тілді игеруге ғана емес, сондай-ақ этностық азшы­лықтардың да тілін жаңғыртуға бар жағдай жасалып жатқанына күрдтер қауымдастығы дән риза.

Бұдан тыс күрд жастары ара­сында жаңа қазақстандық па­т­риотизмді қалыптастыру ба­ғы­тында да игі шаралар атқарылып жатыр екен. Өз кезегінде Князь Мирзоев:

«Жаңа қазақстандық патриотизмнің бірден-бір көр­сет­кіші мен нышаны – әрине, ең алдымен мемлекеттік тілді білу мәселесі болып тұр. Егер біз Қа­зақстан Республикасында тұрып жатсақ, мемлекеттің тілін білу – баршамызға парыз. Бұл арада біз тілден бөлек, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, діні мен ділін де жастарға үйретуге тырысамыз. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шара­ларда біз көне тарихты қайта жаң­ғыртып, жастарды өткенге үңілуге шақырдық» – дейді.

Жалпы, күрдтер Қазақстанда соңғы 80 жылдан бері тұрып жа­тыр екен. Бүгінде елімізде тұрып жатқан күрдтердің үшінші буы­ны Сталиндік репрессиялар мен де­пор­тациялар кезеңінде олардың ата-бабасын қазақ халқының құ­шақ жая қарсы алып, қолындағы бір үзім нанына дейін бөлісіп же­генін біледі екен.

«Бізді Қазақ­станға ең алғаш рет 1937 жылы, одан кейін 1944 жылдары Ста­линдік депортациялар кезінде тоғытып әкелсе, үшінші кезең Әзірбайжан мен Арменияда Тау­лы Қарабақ үшін соғыс кезінде орын алды. Қазір күрдтердің бі­раз бөлігі Қазақстан, Қырғызстан мен Ресейде тұрып жатыр. Мұнда біздің тілімізді, салтымызды қай­та жаңғыртуға бар жағдай жа­салған» – дейді.

Князь Мирзоев дін мәселе­сі­не де ерекше тоқталады. Жас­тардың радикалды ағымдарға кетпесі үшін келісім мен толе­рант­тылық қағидаттарын бой­ларына сіңірту қажеттігін баса айтады. Бұл орайда ол:

«Біздің тарихи таңдауымыз – зайырлы қоғам мен мемлекет. Бірақ зайырлы деген ұғым – атеистік қоғам деген сөз емес. Зайырлы дегеніміз – прогрессивті, бей­біт­сүйгіш, толерантты, ашық деген сөз. Біз дәстүрлі діндерді қол­даймыз, бірақ экстремизмді мо­йындамаймыз. Біз жат радикал­ды ағымдардан жастарды сақтау үшін олардың бойына толерант­тылық қасиетін, сабыр мен ізет­тілікті сіңіртуіміз керек. Толе­рант­тылық – қоғамның ар-ұж­даны, қасиеті дер едім. Жастар­ды осындай рухта тәрбиелеуіміз ке­рек» деп ойын түйіндейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз