Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Күйеуім қыз зорлаған жоқ!». Шымкентте 4 баланың анасы зарлап қалды (фото+видео)

122

Қыз асырап отырмыз, егер ол ондай жауыз болса, мен өзім-ақ тастап кетер едім. Ол өте момын, ешкімге тіл тигізбейтін еді,

дейді Нағима Абдиева.

Сот алдында тұрып, ОҚО сотының баспасөз-хатшысы Қабыл Дүйсенбиге хабарласқанымызда, ол дөрекілік танытып, олардың жөнімен кетуін айтты. Телефон арқылы, «Сізге өзі не керек?», деп өзімізге бас салды.

Балаларын сот алдында қалдырып кетпек болған ананың әрекетінен кейін ғана, облыстық соттың қызметкерлері бой көрсетті. Сот алқасының төрағасы Пірнияз Зиядинхан, тілшіге қарай ашулық танытып, аса дөрекілікпен жақ ашпауын бұйырды. Жақ ашпадық. Пірнияз Зиядинхан мырза, Нағима Абдиеваның уәжін тыңдап, балаларын жетімдер үйіне өткізуге ақыл айтты.

– Сот бала асыраумен айналыспайды. Оларды тастап кетсеңіз, милиция шақырамыз. Милиция мемлекет қарауына өткізеді, – деді ОҚО сот алқасының төрағасы Пірнияз Зиядинхан.

Пірнияз Зиядинхан көпбалалы анаға аппеляциялық арыз жазуға болатынын ескертті. Күйеуі ақ болса ақталып, босатылатынын айтты. Алайда Нағима Абдиева соттың сөзіне мүлдем сенбейді.

– Бұлар сіз болған соң ғана қабылдап тұр ғой. Әйтпесе, адам құрлы көрмейді. Көрдіңіз ғой айтқан ақылын. Жетімдер үйіне таста, дейді. Қарға қарғаның көзін шұқымайды. Олар қайта қараса да, үкім бұзылады деп сенбеймін.

Көрдім, соттың қандай екенін. Біржақты. Бәрін ақша шешеді сотта. Көзім жетті.

Енді жаңа-жыл дейді, әрі қарай демалыс дейді, созады ғой солай. Ақиқатын анықтауға ешкімнің де бас ауыртпайтынын білдім, – дейді Нағима Абдиева.

Ашынған әйел жақын күндері аппеляциялық шағым өткізбек. Облыстық соттан да әділдік таппасам, жоғарғы сотқа дейін барамын, – деп бекініп отыр. Үкім өзгерісіз қалса, төрт баласын Астанадағы Жоғарғы сот ғимаратының алдына тастап кетпек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз