Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әйеліңіз “бермеймін” деп жүрмесін. Атырауда өз әйелін зорлаған ер адам сотталды

Тергеу мәліметі бойынша, 46 жастағы Дәшін ауылының тұрғыны әйелін бірнеше рет зорлаған: нәпсісінің жетегіндегі ер адам әйелінің қарсылығына бой бермеген. Әйелі шыдамай, полицияға арыз берген. Тағайындалған сараптама әйелдің сөзін растады. Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, яғни “Бірнеше рет жасалған сексуальды сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерi” бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Құрманғазы ауданының прокуроры Магилан Рахымов сот ер адамды кінәлі деп тауып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырғанын айтты. Жаза тағайындау кезінде ер адамның өкініш білдіруі, әйелінің кешірімі мен кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілген екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз