Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Әй, тоқта!”. Таяғы тартып алынған полицейлер көлікті қол бұлғап тоқтатып жүр (видео)

254

„Көлік жүргізушісі полицияның талабына бағынып, тоқтауы тиіс. Жол ережесі қозғалысында мұндай міндет қарастырылған„ деп атап өтті Лукьянина.

Баспасөз қызметіндегілер жол полициясы қандай жағдайда көлікті қол бұлғап тоқтатуына рұқсат берілетін айтып берді.

„Егер жол-көлік оқиғасы орын алса, кептеліс болса немесе төтенше жағдайда және жол-потрульдік полициясы бекеттерінде шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанда қол бұлғап тоқтатуға болады. Мысалы, көлікті ұрлап айдап кетсе немесе қылмыс орын алып, бір көлікті ұстау керек болса, сол кезде қол бұлғап тоқтатуға болады. Мысалы, біз „Рубеж„ бекеттерінде қол бұлғап тоқтатуға рұқсатты қалдырдық. Кейбір өңірлерде оған рұқсат етілмеген, мәселен Ақтөбе облысында„ – дейді Лукьянина.

Еске сала кетелік, жаяу полиция кезекшілеріне 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап көліктерді тоқтатуға тыйым салынған. Полиция толықтай автопатрульге көшкен. Ала таяқ алынып тасталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз