Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Әй бала, аузыңа абай болмадың ба?”. Әнуар, сен сияқтылардан шаршадық (видео)

Ең тамашасы, оларға ешкім де: «Әй, шала қытай, қытайша сөйлемейсің бе?» – деп айтпайды. Керек десеңіз, осы Сингапурдың негізін қалаған ұлы реформатор, атақты Ли Куан Юдің өзі туған қытай тіліне қарағанда, ағылшын тілін жақсы меңгерген.

Мұнымен не меңзеп тұр дейсіздер ме? Жай айта салайын деп едім», – депті  Нұрпейісов (видеосын жүктеп қойдық). 

Анығында, жәй айтқан жоқ. Меңзеп айтты. Өзін шалақазақ дейтіндерге берген жауабы, бұл. Бір кездері біздегі бір министр былай деген:

“Егер сіздер менің миымды ауыстырмасаңыздар, мен енді қазақ тілін үйрене алмаймын”.

Әнуардың жағдайы да соған ұқсас.  “Мемлекеттік тіл маған тұрмыстық деңгейде де, ресми деңгейде де қажет емес. Қажет болмайды да. Мен әлемдік мәдениетті орыс тілі арқылы танығанмын, тани беремін де…” деген түрі бұл. Өз әдебиетімен сусындамаған, өз тілінің қадіріне жетпеген адамның сөзі бұл.  

Құдай біледі, түгел кітапты тауыстым деген Әнуар, “Абай жолын” оқымаған. Оқыса да орысша оқыған. Оқи берсін. Обалы, ертең мұның баласы да әкесінен аумай туады.  Орыс тілінің “өлмей” отырғаны сондықтан. Ол ұрпақтан ұрпаққа қан арқылы болмаса да, тәрбие арқылы беріліп жатыр.

 Әкенің тәрбиесі ұлына жалғасады, немересіне беріледі, шөбересіне жетеді. Ертең «мен орысша оқыдым, орысша тәрбие алдым» дейтін тағы бір буын өсіп шығады. Сенімдіміз, олар да дәл Әнуар сияқты сөйлейді. 

Оның тіл білмегеніне бола, жылап-сықтап отырған жоқпыз. Бірақ, осындайлар бүлдіреді. Олар сананы улайтын вирус таратады. Бұлардың сөзі жұқпалы дерт сияқты. Бұлар қазақша үйренуге талпынып жүрген өзгелердің талабын тежеуі мүмкін.

Ана тіліңді білмейсің бе, үндемей-ақ қойшы, Әнуар. Өзіңді масқара қылма. Ал біз бе? Біз үшін сен бәрібір де шалақазақ болып қаласың….

Думан Бықай,

арнайы kaz.365info.kz сайты үшін 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз