Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Ия, мен сүріндім»: Ернар Айдар жалған ұтыс ойыны үшін өзін қарғайтындарға жауап берді

290
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Жалға алынған көліктер мен пәтерлердің ұтысына қатысты жанжалдан кейін қазақстандық әнші Ернар Айдар қамауға алынған болатын. Кейін ол босап шықты. Карантинге байланысты әнші бірнеше айға туған қаласына кетіп қалды.

Орындаушы өзінің Instagram-ын жүргізбей, жаңалықтарымен бөлісуді тоқтатты. Ұтыстан жапа шеккен адамдар болмаса, бұл жағдай ары қарай да жалғаса бере ме еді. Елдің түкпір-түкпіріндегі адамдар орындаушының ақшаны қайтарып беруін талап етуде.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ернардың екінші үйіне айналғандай. Әртіс зардап шеккендерді сабырлық танытып, сот шешімін күтуге шақырды.

«Құрметті лотерея ойынына қатысып алданып қалған ағайын.
Мен сіздерді жақсы түсінемін, сіздер маған сеніп лоторея билетін сатып алдыңыздар (ол үшін басымды иіп кешірім сұраймын), Дәл сіздердей мен де ойын ұйымдастырушыларына сеніп алданып отырмын.

Алла бәрін көріп тұрғой, осы ойынға қатысты менде титтей де болсын арам ой болған емес, сол себепті маған да түсіністікпен қарауларыңызды өтініп сұраймын.
Қазір Алматы Қаласы Бойынша Экономикалық Тергеу Департаментінде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мен ешқайда қашып жүрген жоқпын. Сол тергеу жұмыстарына куәгер ретінде бар шындықты айтып, тергеудің аяқталуын күтіп жүрмін.

Құрметті ағайын сіздер сатып алған билеттің ақшасына келер болсақ, ол ақшаның бір теңгесі де менде емес. Мен тек жарнама жасадым: ол үшін қатты өкінемін, сіздерден шын жүрегіммен басымды иіп кешірім сұраймын

Жарнама үшін алған ақшаңды халыққа бермейсің ба? Қайрымдылыққа көмектеспейсіңба? деп сұрап жатқан ағайынға айтарым. Дәл осы жарнама жасап, алған ақшамның атынан мен өздігімше ештеңе істей алмаймын, барлығын заң шешеді. Тергеу бітіп, сот қалай шешім қабылдайды солай болады. Заң жүзінде жарнама үшін алған ақшаңды қайтар десе қайтаруға дайынмын. Заң жүзінде жарнама үшін алған ақша өзіңде қалады деп шешім қабылдаса, онда Алла қаласа, Алла разылығы үшін мен ол ақшаны қайрымдылыққа жұмсауға да дайынмын.

Ақ қарасын білмей, маған қарғыс айтып, жаман сөздер айтып жатқан ағайын: «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады». Ия мен сүріндім. Мүмкін сіздер адамзаттың ешқашан сүрінбейтін түрінен шығарсыздар! Менде өстіп-өстіп өмір сүруді бір күндері үйренермін. Уақыт төреші. Мен сіздерге тек қана жақсылық тілеймін! Тергеудің аяқталуын күтейік!», — деді Ернар Айдар.

Әлеуметтік желіден алынған сурет

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың көктемінде Ернар Айдар бастаған бір топ адам ойдан шығарылған пәтерлер мен автокөліктерді ойнатқан болатын. Сайып келгенде, орындаушы мен тағы 12 адамды экономикалық тергеу қызметі алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алды

Кейін анықталғандай, ұйымдастырушылар бұл жалған ұтыс ойынынан 198 млн теңге тапқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз