Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Иван мен Меруерт». Шоу-бизнестегі «интернационалды» жұптар кім?

431

Әнші қыз Лидо өзі қазақ емес болса да, қазақтың Руслан деген мықты бизнесменіне күйеуге тиіп алыпты.

Иван мен Меруерт

Иван Бреусов өмірілік жары қылып қазақ қызы Меруерт Асанованы таңдапты. Отасқандарына 7 жыл болған, бірақ жалғыз ұлдарына Богдан деген орыс есімін беріп, қазір сол баласын өсіріп-тәрбиелеп келеді екен.

Бүркіт пен Аиша

Біздің Бүркітіміз орысша жиі сөйлесе де, ұлты қазақ. Ал Аишасы таза метис: шешесі орыс, әкесі өзбек.

Парвиз Әлияны алып апты

Әнші Парвиз Назаров пен Әлия Есенова. Парвиз Мәскеуде туған. Бірақ балалық шағы Душанбеде өткен. 90-шы жылдары Парвиз Қазақстанға көшіп келіп, Әлия Есенованы құлай сүйген екен. Содан бері екеуі бұл өмірде бірге келеді.

Лана мен Константин Саркисян

Қор болған қайран есім-ай… Лана-ның шын есімі Қорлан деседі. Күйеуі де қазақ емес — армян жігіті. Бұлар екі бала өсіріп отыр.

Құмар Лұқманов пен Гузель

КВН-нің жұлдызы Құмар Қазаннан Мәскеуге баратын пойызда келе жатып татар қызы Гузельмен танысыпты. Екеуі 2005-ші жылы үйленді.

Мұрат пен Олеся

Енді бұл екеуінің тегі – Мутургановтар!

Ұлдарына анау-мынау емес, Майкл деген ат қойыпты. Мұраттың бірде «менен гөрі әйелім көбірек қазақ» деп қойып қалғаны бар.

Ерден мен Наталья Телемисовтер

Кезінде бір-біріне үйленіп алған екі актер қазір үш қыз өсіріп отыр екен. Ерден «Натальяны әлі де жақсы көремін», деп қояды.

Дереккөз

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз