Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Итеріп жібердім…”. Түсіпбаева өзі ренжіткен адамнан жылап тұрып кешірім сұрады (видео)

179

Ал 34 жасымда Алла мені сынады. Өмірдің ащы дәмін таттым. Сөйтіп бұл дүниенің барлығы жалған екенін түсініп, жерге түстім. Бәлкім, тым асып-тасып бара жаттым ба екен деп те ойлаймын қазір.

https://kaz.365info.kz/korudin-ozi-yyat-kamshat-zholdybaeva-dauysy-zhogyn-bildirip-khojdy-video-323556

Көз алдымдағы 24 жастағы бауырымды Аллам алып қойды. Қатты соққы алдым. Өзім Павлодардан алып келген бауырымды кілемге орап алып, жеке ұшақпен кері қайта ұштым. Сол сәтте менің өмірге деген көзқарасым 180 градусқа түбегейлі өзгерді.

Мен бір адамды қатты ренжіткем. Сол ой есіме түссе, ішімді өкініш тырналайды. Маза бермейді ол. Бауырым Біржан қайтыс болған кезде, яғни жол апатына ұшырағанда қасында болған бала. Біз ренимацияда тұрдық. Сол кезде қасындағы әлгі бала жүгіріп келіп: „кешіріңізші мені„ деді. Ол да шокта болатын. Сол бала бауырымды ертіп әкеткен екен. Соның жұмысымен жүрген екен. Жылап, басымызды қабырғаға ұрып у-шу боп жатқанбыз. Мен үлкен әпкесімін ғой.

https://kaz.365info.kz/sozderi-oryssha-tojy-khazakhsha-gani-khasymov-zhalgyz-nemeresin-yzatty-foto-323507

Әлгі Жандос деген бала сол кезде аяғыма жығылып, құшақтап мені „Сіздің бауырыңыз енді мен болайын, кешіріңіз„ деді. Ал мен оны бар күшімен итеріп жіберіп, өте ауыр сөздер айттым. Ондай жайды мен қас дұшпаныма да тілемес едім.

Мен эмоцияның адамымын. Иә, өзімді ұстай алмай қалдым. Ондай оқиға менің өмірімде бірінші рет болды. 34 жасыма дейін басқа адамдардың туыстары қайтыс болады, менің туыстарым қайтыс болмайды деп өмір сүріппін. Сенесіз бе?

Ана баланы итеріп жіберіп, қатты айғайладым. Сол кездегі іштегі запыранымды, наламды аямай төктім оған. Уақыт өтті. Мен өмірдің өткінші екенін түсіндім. Бәрі алланың қалауымен, Алланың әмірімен жүретінін ұқтым.

https://kaz.365info.kz/akhsha-zhasajtyn-zher-goj-shymkenttik-khyz-bosbelbeu-semejlikterdi-synap-tastady-foto-323431

Бауырымның тұзы таусылатын уақыты сол 23 жас екен. Сол үшін мен Жандостан, оның отбасынан кешірім сұрамын.

Артынан естідім, ол бала бауырым қайтыс болған соң қатты қиналыпты, жұмысынан кетіп қалыпты, тіпті көп ауырыпты деп те естідім. Менің қылығымнан кейін, біреудің наласын алып жүру оңай ма? Соған қатты өкінем.

– Жандос, сен маған: „Енді сіздің бауырыңыз мен болам„ деп айттың ғой. Мені кешір, мен сені қабылдаймын. Өз бауырымның көзіндей көремін.

https://kaz.365info.kz/ysh-ret-tiktirdi-ginekolog-khyzdardyn-zhigitterdi-khalaj-aldajtynyn-ajtty-video-323384

 

Өмірде кешірім сұрау кеш боп қалады ғой. Кешіккен жоқпын-ау деп ойлаймын. солай болса екен деп тілеймін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз