Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Итальяндық отбасы екі жасар бүлдіршінін ЭКСПО көрмесінде ұмытып кетті

166

Бұл оқиғаны ЭКСПО-2017 жұмысының бірінші ай қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында қауіпсіздік департаментінің директоры Рүстем Шәкенов айтып берді.

Жалпы, бір айда күрделі бұзушылықтар тіркелген жоқ. 10 маусымнан бастап 670-ке жуық оқиға тіркелді. Олардың 12-сі құқық бұзушылық. Бұл ретте оқиғаның 90%-ы жоғалып қалған балалармен байланысты.

“Бізде күлкілі оқиға болды, көрменің қызығына түскен итальяндық жұп сәбиін ЭКСПО-да ұмытып кеткен. Ата-анасы қонақ үйге кетіп қалған. Біздің қызметкерлер балалар алаңында бірнеше сағат бойы қасына ешкім жақындамаған бала арбасын байқаған. Онда екі жас шамасындағы бүлдіршін ұйықтап жатқан. Біз ата-анасын іздестіре бастадық, оқиға туралы жариялап, сәбиді өзімізге алып кеттік. ЭКСПО-дағы полиция бөлімшесінде сондай балаларға арналған арнайы бөлме бар. Ата-анасы нәтижесінде табылып, сәбиге оралды. Жағдайды пайдалана отырып, барлық ата-ана мен қамқоршылардан балаларына мұқият болуларын сұраймын. Көмек қажет болған жағдайда біздің қызметкерлерге бірден хабарласыңыздар”, — деп атап өтті Рүстем Шәкенов.

Сондай-ақ ол  қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күн сайын 2000 мыңнан астам адамның  қызметке шығатынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз