Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Істей алмады…”. Қытайға тиген қазақ қызы ағынан жарылды

334

«Неге адамдар мәселенің мәнін көрмейді, оны кеңінен қарамайды? Бәрі біздің Қазақстандағы саяси жүйеге байланысты. Мысалы, біз қанша қытай тілін білсек те, Қытай азаматтығын ешқашан ала алмаймыз. Ал елімізде бәрі оп-оңай, осында жұмыс істеп жүріп, өзге елден, өзге ұлттан болып, мемлекеттік тілді білмесе де Қазақстан азаматтығын алу қиындық туғызбайды.

Бізде қытайлар үшін визасыз режім енгізді. Қытайлар көптеген құрылыс нысандарын салып жатыр.

Біздің қазақтар еліміздің дамуына үлес қоса алмайды, тек шағым айтуды біледі. Ауызбен бәрі «патриот», мақтанудан алдыларына жан салмайды, іске келгенде нөл»,- деп ашынды ол.

https://kaz.365info.kz/khyzyndy-oltir-dedi-khytajga-tigen-khazakh-khyzynyn-akesi-ashynyp-malimdeme-zhasady-322888

Бойжеткен неге қазақ жігітіне тұрмысқа шықпадың деген сұрақтарға да жауап бере кетті.

«Біздің қазақтар өздері ештеңе істей алмайды, өзгелерге де істеуге мүмкіндік бермейді.

Шексіз ресурстар мен таусылмайтын уақыт бар сияқты, еліміз әлі жас деп сылтауратады. Көбі күйеу жігітім «неге қазақ емес?», «қарапайым болсын қазақ табылмады ма?», «біздің қазақ жігіттері сені бағаламаған ғой» деген сұрақтарымен мені шаршатып жіберді».

«Шынын айтсам, мен жайлы өзгелердің не ойлайтыны қатты алаңдатпайды.

Негізі қазақтар мені бағаламады емес, мен оларды бағаламадым. Біздің жігіттер қызметің, жеке пәтерің болғанын қалайды.

Ата-анасы кімдер (сенің жоғарыда байланыстарың бар ма?) деген пікірді оларға әке-шешелері таңып қояды. Отбасында келіннің пікірімен мүлдем санаспайды, турасын айтқанда құл сияқты. Біздің статистиканы қарасаңыз, отбасылық зорлық-зомбылықтың көптігі соншалық, ажырасумен бірдей болып келе жатыр», – деп жазған ол».

https://kaz.365info.kz/shalkhyp-zhyrim-khytajga-eki-yl-tuyp-bergen-khazakh-khyzy-rahat-omir-keshude-foto-309105

Ләйләнің айтуынша, күйеуі ислам дінін қабылдап, доңыз етін жемейтін болған. Қазақ қызы желіде балағат сөз жазып отыратындардан өз күйеуін артық көретінін айтты.

Дереккөз: Stan.kz 

View this post on Instagram

Шетелдік жігітке тұрмысқа шыққан Ләйлә есімді бойжеткен Қазақстандақтарға жауаб берді…. ⠀ Ләйлә өзінің күйеуі қытайлық екенін және оны байлығы үшін емес, адамгершілігі үшін таңдағанын айтты. ⠀ «Неге адамдар мәселенің мәнін көрмейді, оны кеңінен қарамайды? Бәрі біздің Қазақстандағы саяси жүйеге байланысты. Мысалы, біз қанша қытай тілін білсек те, Қытай азаматтығын ешқашан ала алмаймыз. Ал елімізде бәрі оп-оңай, осында жұмыс істеп жүріп, өзге елден, өзге ұлттан болып, мемлекеттік тілді білмесе де Қазақстан азаматтығын алу қиындық туғызбайды. Бізде қытайлар үшін визасыз режім енгізді. Қытайлар көптеген құрылыс нысандарын салып жатыр. Біздің қазақтар еліміздің дамуына үлес қоса алмайды, тек шағым айтуды біледі. Ауызбен бәрі «патриот», мақтанудан алдыларына жан салмайды, іске келгенде нөл»,- деп ашынды ол. ⠀ Бойжеткен көпшіліктің «неге қазақ жігітін таңдамадың?» деген сұрағы өзін мезі етіп жібергенін айтып, желіде жеке басына тіл тигізгендерге жауап берді. ⠀ «Біздің қазақтар өздері ештеңе істей алмайды, өзгелерге де істеуге мүмкіндік бермейді. Шексіз ресурстар мен таусылмайтын уақыт бар сияқты, еліміз әлі жас деп сылтауратады. Көбі күйеу жігітім «неге қазақ емес?», «қарапайым болсын қазақ табылмады ма?», «біздің қазақ жігіттері сені бағаламаған ғой» деген сұрақтарымен мені шаршатып жіберді». ⠀ «Шынын айтсам, мен жайлы өзгелердің не ойлайтыны қатты алаңдатпайды. Негізі қазақтар мені бағаламады емес, мен оларды бағаламадым. Біздің жігіттер қызметің, жеке пәтерің болғанын қалайды. Ата-анасы кімдер (сенің жоғарыда байланыстарың бар ма?) деген пікірді оларға әке-шешелері таңып қояды. Отбасында келіннің пікірімен мүлдем санаспайды, турасын айтқанда құл сияқты. Біздің статистиканы қарасаңыз, отбасылық зорлық-зомбылықтың көптігі соншалық, ажырасумен бірдей болып келе жатыр»,-деп жазған ол». ⠀ Ол ең алдымен сүйіктісін адамгершілігін сыйлайтынын, оның жауапкершіліктен жалтармайтынын айтты. Сондай-ақ жарының ислам дінін қабылдағанын және доңыз етін жемейтінін мәлімдеді. ⠀ Ләйлә өзін қатаң сынап, түрлі балағат сөздер жазып жатқан желі қолданушыларына өкпесін жеткізіп, бөтен адамға негізсіз тіл тигізбейтін күйеуінің олардан жақсы екенін алға тартты.

A post shared by Әйел бақыты (@aiel.baqytyy) on

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз