Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Испаниядан маза кетті. Каталония Еуропаға үндеу жолдады

Айта кетейік, таяуда Испания министрлерінің кеңесі шұғыл жиын өткізіп, конституцияның 155-бабын іске қосу жайын талқылады. Бұл заң бойынша, ресми Мадрид Каталонияның автономдық мәртебесін тоқтатып тастауға құқылы.

Испан премьер-министрі Мариано Рахойдың айтуынша, шешім Каталонияның автономдығын тоқтатпайды. Ол тек өңірдің өзін өзі басқаруы мен мәртебесін бұзған лауазымды тұлғаларды биліктен шектеуді ғана қарастырады. Осыдан кейін Барселонаға тәуелсіздікті жақтаушылар жиналып наразылық шеру өткізді. Акцияға 450 мыңға жуық адам қатысқан.

Карлес Пучдемон, Каталония үкіметінің басшысы:

– Мен бүкіл Еуропаға үндеу жолдаймын. Бұл тек саясаткерлер ғана емес барлық тұрғынға арналады. Егер еуропалықтар басты құндылығымыз деп санайтын еркіндікке Каталонияда қауіп төнсе онда бүкіл Еуропада да осындай болуы мүмкін. Ұлт болашағына қатысты еркін демократиялық шешім қабылдау қылмыс емес. Ал оны қудалау, біздің құндылықтарымызға қайшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз