Испания полициясы 17 тамызда Барселона мен Камбрильстегі террористік шабуылға қатысы бар делінген күдікті, Мароккодан шыққан азаматты іздестіріп жатыр.
Жексенбі күні полиция Альканардан, шабуыл жасауға дайындалған үйден 120 газ баллонын тапқанын хабарлады. Каталония полициясы соңғы айларда радикалды топтың өкілдері осы үйде жасырынып, терактіге дайындалған дейді.
Екі күдікті Альканарда үй жарылған кезде қаза тапқан.
Өткен аптада Испанияда болған терактілерді “Ислам мемлекеті” террористік ұйымы жауапкершілігіне алды.