Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Исландия 4 мамырдан бастап қалыпты өмірге оралады

232

Мұз құрсауындағы ел

Солтүстік Еуропадағы аралда орналасқан бұл мемлекет барлық жағынан ерекше. Оның жағалауы Атлант мұхитының жылы  және  Солтүстік Мұзды мұхиттың салқын ағыстарымен шайылады. Исландияның халқы өте көп емес, 330 мың адам.

Елдің ЖІӨ 23 млрд долларды құрайды, ал жан басына шаққанда 70,3 мың доллар болады. 2007 жылы БҰҰ Исландияны әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы мемлекет деп таныды. Исландияны карантиннен кейін баратын жерімнің тізіміне қосып қойдым. Дегенмен, жергілікті билік карантиннен кейін де белгісіз мерзімге европалық емес азаматтар үшін шекарасын жауып қою туралы шешім қабылдады.

Исландияның жағдайы

Заңгер Эйрикур С. Сваварсон коронавирусқа қатысты жағдайда атқарған жұмысының арқасында денсаулық сақтау, әсіресе экономика саласында көп нәрсені білгенін айтады.

— Исландия вирусқа қарсы күресті өте ерте,  24 қаңтарда басталды. Ақпан айында Үкімет жиналысқа қатысатын адамдардың санын 100 адамға дейін шектеді. 16 наурызда мектептер, бассейндер мен спорт залдары жабылды, барлық спорттық іс-шаралар тоқтатылды, 20 шақты ғана адамның жиналуына рұқсат берді. Бізде қандай да бір ерекше шектеулер болған жоқ, бірақ мемлекет халықтың 5%-дан астамын коронавирусқа тексерді. Кеше тек бес жаңа жұқтыру фактісі анықталды. Сондықтан індет деңгейі күрт төмендеуде.

Билікті халықтың 90%-ы қолдап отыр

Сваварсон мырза (Бұл Исландияның тарихы бастау алған алғашқы викингтің фамилиясы) азаматтардың ел аумағындағы жүріс-тұрысын бақылау үшін мемлекет арнайы қосымшаны пайдаланады дейді. Бұл ауру жұқтырғандарды тез арада анықтап, оны емдеуге мүмкіндік береді.

— Исландия үш сарапшыға шешім қабылдау құқығын берді. Біздегі саясаткерлер мұндай шешім қабылдамайды, ал мемлекет індеттің жағымсыз салдарын азайту үшін қабылданатын экономикалық істерге жауап береді. Билік құрылымдары  пандемиядан кейін тез арада экономиканы қалыпқа келтіруге тырысуда.

— Бұл жағдайды адамдар қалай қабылдады?

— Жұмыс орындары азайды, Исландия азаматтарының 18%-ы жұмыссыз қалды. Біз азық-түлік сатып алып, серуендеп қайту үшін ғана сыртқа шығамыз.

Карантиннің кесірінен мен өзімнің ата-анамды, жалпы қарт адамдарды  көрмегеніме біраз болды, олардың бәрі оқшаулануда жатыр.

—  Ал жалпы алғанда Исландия биліктің карантиндік шараларға қатысты талаптарын қаншалықты сақтайды?

— Исландия билігін елдің 90%-ы қолдайды. Барлығымыз жағдайдың түзелуі біздің жауапкершілігімізге байланысты екенін түсінгеннен, талаптарды қатаң сақтаймыз. Қарт адамдар ерекше қорғауға алынған.

Жағдайдың қаншалықты ауыр болуы мүмкін екенін білеміз, сондықтан ауруды жеңу үшін барлығымыз бірге болуға тырысудамыз

— Экономиканың қандай салалары  көбірек зардап шекті?

— Барлығынан бұрын туристік сала қиын жағдайға тап болды, оған елдегі ЖІӨ-нің  8%-ы тиесілі еді.

 Covid.is веб-сайты

Коронавирус туралы соңғы жаңалықтарды, сондай-ақ Исландия азаматтарына көрсетілетін психологиялық және психологиялық көмек туралы https://www.covid.is/need-assistance сайтынан білуге болады, ол екі тілде жұмыс істейді. Оны Денсаулық сақтау басқармасы мен Азаматтық қолдау және төтенше жағдайларды басқару департаменті құрастырды.

Маған ондағы қолды кем дегенде 20 секунд жуу,  біраз уақытқа қол алысу және құшақтасу туралы ұмытып… көбірек күлімдеп жүру туралы кеңес ұнады.

— Сайт халық арасында қаншалықты танымалдыққа ие?

—  covid.is веб-сайтын халықтың  90%-дан астамы қолданылады.  Күн сайын сағат 14:00-де жауапты үш сарапшы тікелей эфирге шығып, пресс-конференция өткізеді. Олар өкіметтің қабылдаған соңғы шаралары туралы хабарлап, халыққа коронавирусқа қатысты жаңа ақпарат береді.

Үш сарапшы: карантиннен шығу жолы

Өткен сейсенбіде, 14 сәуір күні, Исландияның премьер-министрі Катрин Якобсдоуттир (Katrín Jakobsdóttir), Денсаулық сақтау министрі Свандис Сваварсдоуттир (Svandís Svavarsdóttir) Әділет министрі Аслауг Арна Сигюрбьорнсдоттир (Áslaug Arna Sigurbjörnsdóttir) коронавирустың таралуына қатысты шектеу шараларын тоқтатуға қатысты шаралармен таныстырды.

Атап айтқанда, осы сарапшылардың үшеуі де — жас әрі әдемі әйелдер. Мен осы материалды дайындау барысында, исландықтардың гендерлік теңдік рецепті бөлек әңгіме екенін түсіндім.

Денсаулық сақтау министрі мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің  үлкен жиналыстар өткізуіне қойылған шектеулерді әлсірету туралы өз шешімін жариялады. Нәтижесінде,

  • 4 мамырдан бастап 50 адамға дейін үлкен жиналыстар өткізуге болады, бұрын  20 адамнан артық жиналуға тыйым салынған еді;
  • Сұлулық және стоматология салоны өз есіктерін қайта аша алады;
  • орта мектептер мен университеттер қайта ашылады, бірақ белгілі бір шектеулерді ескеруі керек.

Ал бастауыш мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер қалыпты өмірге толық оралады

Сарапшылар бұндай шешімнің бас эпидемиологтың ұсынымдарын ескеріп, қабылданғанын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз