Нұр-Сұлтан
Қазір
-21
Ертең
-19
USD
515
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.17
0.00

“Ислам мемлекеті” өлген жоқ – әлемдік халифат қай елде құрылады?

Бұл жағдай Орталық Азия мемлекеттеріне оңай тиіп отыған жоқ. Қазір олар ішкі жаулармен күресумен қатар, мемлекеттік шекараларын нығайтып, ұлттық армияның қуатын арттыруға мәжбүр.

Исламистер (Көрнекі сурет)

Ирак пен Сирияда қалыптасқан жағдай көрсетіп отырғандай, бүгінде экстремистік ұйымдар өз мұратына жету үшін жеклеген содыр-жанкештерді ғана пайдаланып отырған жоқ, сонымен қатар, олардың өз артиллериясы мен дрондардан тұратын шағын авиациямен жасақталған толыққанды әскери отрядтары да бар.

https://kaz.365info.kz/putin-m-sa-an-sodyrlar-resejdi-tik-sha-yn-at-ylap-tastady-video-235468

Ислам мемлекеті тек Ауғанстанды қанағат тұтып отырған жоқ, осы ағымның негізін қалаушылары мен идеологтарының уағызына құлақ ассаң, олардың түпкі мақсаты – әлемдік халифат құру. Олардың Ауғанстаннан тарайтын жолдары көп емес – шекаралас жатқан Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстан.

Ал Ауғанстанмен шекараласпайтын, солтүстікте жатқан Қазақстан мен Қырғызстан содырлар үшін тек өздерінің қатарын толықтыратын адам көзі болған сыңайлы.

Одақтастарымен мықты

Осы орайда, Өзбекстан ең ұтымды жағдайда: Ауғанстан мен шекара «бейтарап аумақтан» гөрі бекінісі мықты қамалға көбірек ұқсайды. Көршілес елдің аумағына тек жалғыз Хайрабад көпірі арқылы өтуге болады.

Оның үстіне, өз-ағаларымыздың әскері де аймақтағы ең қуатты, ең мықты армия.

Қазір Өзбекстан сол күшті қарулы күштерін қайта қаруландыруды мықтап қолға алды — Ресеймен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім жасалған,

Қазақстаннан заманауи бронетранспортерлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда.

Бұдан бөлек, өзінің әскери-өндірістік кешенін құру мақсатында заңнамалық негіз дайындау басталған.

Сонымен қатар, Ташкент пен Мәскеу стратегиялық одақтастық туралы келісімге отырған, яғни елдегі жағдай ушықса, Ресей армиясы бірден көмекке келеді.

Ал Тәжікстандағы ахуал сәл де болса күрделірек: бұл республиканың армиясы өзбек әскеріне қарағанда, едәуір әлсіз, ал Ауғанстамен шекара шиеленісті жағдайда, оның үстіне, ол мүлдем бекітілмеген десе де болады.

https://kaz.365info.kz/almatyda-y-terakt-olymen-ishin-bas-an-k-likbaev-sotta-ornynan-t-ra-almady-232949

Көп ретте, дәл осы Тәжікстанды тәлібтер мен Ислам мемлекеті үшін ең қолайлы нысан деп атайды.

Алайда мұнда Ресей әскерлері — 201-әскери база орналасқан. Сонымен қатар, Тәжікстан ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының толыққанды мүшесі,  ал бұл дегеніңіз, егер ел аумағына үлкен шабуыл жасалып, жағдай шиелініссе, аталмыш ұйымның жедел әрекет ету күштері бірден көмекке келеді.

Сондықтан Тәжікстан оңай шағыла салатын «жаңғақ» деп ойлағандар, қатты қателеседі.

Түркіменстанның жағдайы мүшкіл

The Military Balance-2017 есебіне сәйкес, елдің қарулы күштері жеке құрамды толыққанды жаттықтырмауы, нашар жарақтандырылуы және әскери әрекеттерді жүргізуде кеңестік доктринаны ұстануы салдарынан, қазіргі таңда ең осал әрі өте әлсіз.

Ресми емес дереккөздерінің мәліметтеріне сәйкес,

Түркіменстаннан Ислам мемлекті қатарына бірнеше жүз адам аттанған көрінеді, ал елдің құқық қорғау және арнайы органдары оқтын оқтын радикалды ислам идеяларының жақтастары дайындаған террористік актілердің алдын алуда.

Ресми Ашхабадтың жабықтығы салдарынан, БАҚ беттерінде елдегі шынайы орын алған жағдай туралы расталған ақпарат өте аз шығады. Алайда энергия көздері бағасының күрт төмендеуі және соның салдарынан, әлеуметтік жеңілдіктердің жойылуы, елдегі тұрмыс жағдайының төмендегенін жанама түрде болса да көрсетіп отыр.

https://kaz.365info.kz/a-t-bedegi-terakt-zhurnalister-asa-piya-zhatty-ol-a-t-sirdi-232550

Исламистерді Түркіменстанның орналасқан жері де қызықтырып отыр,

бұл ел Иранмен, Өзбекстанмен және Қазақстанмен шекараласып жатыр.

Ислам мемлекетінің ежелгі жауы – Тегеран үшін тағы бір майданның, яғни қауіп көзінің пайда болуы стратегиялық жағдайды едәуір күрделендіре түседі.

Ал осы бағыттағы жағдай шиеленіссе, Қазақстан мен Өзбекстан отқа оранған тұрақсыздық аймағымен байланысқа түсуге мәжбүр болады, ал бұл, өз кезегінде, қосымша күш-жігер жұмсауды қажет етеді.

Нәтижесінде, әскері әлсіз, әлжуаз, халқының тұрмысы төмен, әскери одақтастары жоқ және орналасқан жері стратегиялық тұрғыдан өте қолайлы болып табылатын

Түркіменстан исаламистер үшін Орталық Азиядағы ең әлсіз буын болып отыр.

Сондықтан қазіргі таңда Ашхабадқа өзінің қауіпсіздігін нығайту үшін бірталай шығындалуға және тер төгуге тура келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз