Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ислам Кәрімовтің туысқаны Украинада тығылып жүр екен

2013 жылдың 10 қазанында Абдуллаевқа ауыр экономикалық қылмыс жасады деген айып тағылып, Ислам​ Кәрімовтің тікелей бұйрығымен тұтқындалған. 2014 жылдың қараша айында ол 15 жылға сотталған. Кейіннен оған 6 жыл, 6 ай жаза тағайындалды.

Түрмеде екі жарым жыл отырған Абдуллаев мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шыққан. Алайда 2016 жылдың 2 қыркүйегінде Ислам Кәрімов қайтыс болғаннан кейін, ол елден заңсыз қашып кеткен.

Үстіміздегі жылдың 14 қаңтарында Абдуллаев Киев әуежайында тұтқындалған.

Киевтегі Соломенск аудандық сотында Акбарали Абдуллаев пен оның адвокаты Өзбекстан билігі қозғап отырған қылмыстық істің негізсіз екенін айтқан. Абдуллаев қылмысы үшін жазасын өтегенін, өзін Өзбекстанға жібермеуін өтініп, ондағы түрмелерде аяусыз азаптайды деген.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз