Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ішкі істер вице-министрі биылғы қыс жылдағыдан екі градус төмен болатынын айтты

177

Юрий Ильиннің айтуынша, биыл ауа температурасы өткен жылдармен салыстырғанда нормадан 1-2 градус төмен болады.

«Ауа райы болжамы Қазгидрометпен бірлесе жасалады. Жауын-шашын мөлшері де еліміздің басым аумағында қалыпты мөлшерде түседі. Тек қыстың соңғы айы мен наурыз айында жауын-шашын көбейеді деген болжам бар.

Сәйкесінше, көктемгі кезеңге өте тыңғылықты дайындалу қажет», – деді Ю. Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, алдағы қыс мезгілінде адамдардың қаза болуына жол бермеуге және қысқы кезеңдегі ТЖ-дан келетін залалды барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар анықталды.

«Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңге дайындығы пысықталды.

«Дауылды ескерту жарияланғанда республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардағы қоғамдық және жүк көліктері тоқтатылады. Бұл тұрғыда жергілікті полиция қызметіне барлық жол тораптарындағы және автобекеттердегі қозғалысты шектеу құзіреті берілген.

Жол-пайдалану қызметтері 1 мыңнан астам инженерлік және қар тазалау техникасын әзірледі. 120 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал, 12 мың тоннадан астам тұз дайындалды.

І37 мың метрден астам қардан қорғайтын қалқандарды орнату жүзеге асырылуда. Қолданыстағы 950 жылыту пунктіне қосымша тағы 130 бекет жабдықталды», – деді Ю. Ильин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз