Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ішкі істер департаменті баспана алуға болмайтын тұрғын үйлер тізімін жариялады

ІІД «Төленді» ТҮҚК төрағасы Айдын Байжұмановқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Айдын Байжұманов «Астаналық-2» (Абай мен Сарыарқа көшелерінің қиылысы», «Аниса», «Аниса-2», «Аниса-3» (Қорғалжын тасжолы), «Көктал-2» (Тілендиев көшесі, 50/1 үй), «Абат» (Е181, 363 және 429 көшелерінің қиылысы), «Абайға 150 жыл» (Абайға 150 жыл және 167 көшелерінің қиылысы) көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің және №23-31 мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенін салған. Байжұманов екі рет пәтер сатумен айналысып, жоғарыда аталған тұрғын үй кешендерінің құрылысын уақтылы аяқтауға қатысты міндеттерін бұзған.

«Осыған байланысты, «Төленді» ТҮҚК салатын тұрғын үйлерден пәтер сатып алудан бас тартуды сұраймыз. Қылмыстық іс бойынша нақты проецессуалды шешім қабылдағанға дейін «Центр Продаж №1» ЖШС басшылығынан, және Астананың басқа да жылжымайтын мүлік агенттіктерінен «Төленді» ТҮҚК пәтерлерін сатуға қатысты ақыл-кеңес беруге асықпауға кеңес береміз», – дейді полиция бөлімшесі.

Сотқа дейінгі тергеу органы құрылыс салушыға қатысты соңғы процессуалды шешімді қабылдау үшін «Төленді» ТҮҚК-ның әркеттерінен зардап шеккен, сондай-ақ іске қандай да бір қатысы бар ақпаратқа ие азаматтар Астана қаласының Ішкі істер департаментіне төмендегі телефондар бойынша хабарласуды сұрайды: 71-62-13, 71-60-10, 8-702-438-67-67.

10028087

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз