Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Іш киіммен бауырсақ пісірген Шырын Нарчаева жазаға тартылуы мүмкін

4623
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Жақында ғана танымал инста-ханшайым өзінің жанкүйерлеріне арнап, шу шығаратын ролик жариялаған еді. Шырын instagram парақшасында тек алжапқыш пен ішкиім киіп бауырсақ пісірген сәтінің видеосын жариялаған еді. Бұл жарияланым бірден көптің назарына ілікті.

 

Біреулер оның дене пішініне қызыға да қызғана да қараса, басқалары оны өткір сынның астына алды. Шымкенттік танымал блогер, заңгер және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек қызды жауапқа тартуды талап етті.

«Нанды, сәукелені және ұлттық валютаны қорлаған бұл қызға қарсы қылмыстық іс қозғау керек. Мұның бәрін ТЖ кезінде жасады. Ол жалаңаш денесіне сәукеле киіп, теңгеге сіңбірген кезде үндемедік, енді жалаңаш бөксесін көрсетіп, бауырсақ пісірген видеосы шықты. Бұл бүкіл халықты қорлау!

Бұл ұлттық құндылықтарды қорлап, ұлттық ар-намысты таптап, арандату мақсатында әлеуметтік желіге жүктеу үшін арнайы түсірілген видео.  Ол бұл үшін тыңғылықты дайындалған.

Бас прокуратураға азаматша Шырынның әрекеттерін тексеріп, Қылмыстың кодекстің 174 бабы бойынша жазаға тартыңыздар деген өтініш білдіремін. Ұлтты қорлап, араздықты өршітуді тоқтату керек!» — деп өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Өзіне қарсы осындай пікірлер толқынынан кейін, Шырын видеоны өз парақшасынан өшіріп тастады. Бірақ ол интернет кеңістікте таралып үлгерді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз