Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ірі дүкендерді жабудың қажеті жоқ, тек келушілердің санын бақылау керек

147

Кезекті демалыс 27 және 28 маусым күндері Алматы, Нұр-Сұлтан және Қазақстанның басқа да қалаларында карантиндік шаралар күшейтілді. Оңтүстік астанада сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, супермаркеттер, сауда үйлері, фитнес-орталықтар және қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылды.

Билік шешімі туралы қала тұрғындары жұма күні кешке білді. Көп ұзамай нәтижесі көрінді, супермаркет кассаларында, бөлімдерде немесе кіре берістерде ұзын-сонар кезек қалыптасты.

Супермаркеттерді жабудың қажеті жоқ

Экономист Алмас Чукин қабылданған шараларды тиімсіз деп санайды,  егер ірі дүкендерді жабатын болсақ,

аумағы аз сауда орындарындағы трафикті жасанды түрде арттырамыз

— Үлкен супермаркеттер мен СОО-лардан аса үлкен қауіп жоқ. Демалыс күндері оларды жабу ақымақтық. Оның орнына

ірі дүкендердің иелерін сатып алушылардың санын бақылауға міндеттеу керек

Батыста, мысалы, көптеген ірі мейрамханаларда қанша адамға кіруге рұқсат берілгені көрсетілген тақтайшалар ілінеді. Бұл өрт қауіпсіздігінің нормасы карантинге дейін де әрекет еткен, онда қауіпті жағдайда қанша адам бір уақытта үй-жайдан кете алатыны көрсетеледі.

Алмас Чукин

Карантин кезінде де бұл бақылауға пайдалы болды: егер зал 200 адамға арналса, келушілердің саны елуден аспауы керек. Яғни орындардың ең көп дегенде 25%-ын ғана толтыруға рұқсат беріледі, — деп түсіндірді сарапшы.

Қорғаныс шаралары

Экономистің қадағалауы бойынша, ірі СОО келушілерді қауіпсіздендіруге тырысады. Ал шағын азық-түлік дүкендерінде адамдар маскасыз кіріп, қашықтықты бұзады.

— Көптеген СОО-ның кіре берісінде енді бір жақты қозғалыс тәртібі енгізілген: келушілер дезинфекциялық заттарды бүріккіші бар арка арқылы ішке кіріп, басқа есік арқылы сыртқа шығады

Барлық ірі супермаркеттерге бір уақытта кіре алатын адамдар санын қайта қарастыру керек еді. Бұл олардың арасындағы байланысты қысқартады. Онда барлық келушілердің температурасын да өлшейді. Жалпы басқаларға қарағанда СОО жұмысы неғұрлым ұйымдасқан, ережелерді түсіндірсе, оларды орындайтын еді.

Талаптардың орындалуын қадағалауға да Батыстағыдай жеке тәртіппен қарау керек. Онда тәртіп бұзылған жағдайда барлығын бірдей емес, жеке тұрған дүкенді жабады.

 «Үйдің жанындағы дүкендердің» кемшілігі

— Супермаркеттермен салыстырғанда, шағын дүкендерде қауіпсіздік қызметі жоқ. Ең арысы бір ғана күзетші болады, сондықтанг нормалардың сақталуын қадағалау қиынырақ, — деп есептейді экономист.

Оның үстіне ірі желілік дүкендерге қарағанда тауарлар қымбатырақ болғандықтан, адамдар үйдің жанындағы дүкендерде артық ақша төлеуге мәжбүр.

Екінші карантиннің шектеу шараларын жан-жақты ойластырған жөн — экономист қателіктерді қайталамауға шақырды

Бірақ, Чукин атап өткендей, бұл екінші мәселе, қазір адамдарды вирус жұқтырудан қорғау қажет.

— Әрине, барлығын бірдей қорғау мүмкін емес, адамдардың саналылығына көп нәрсе байланысты.

Егер адамдар дүкендердің жанында топталып жиналса, олардың қауіпсіздігі үшін күш қолдануға болады

Дүкеннің қауіпсіздік қызметі немесе полиция бірден жауап жауап қатып, әйтпесе дүкен жабылады деп ескерту керек. Егер адамдар басқаша түсінбесе, қатаң шара қолданбасқа амал жоқ, – деп қорытындылады Алмас Чукин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз