Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Іргемізді бекер түрдік пе?”. Қазақстаннан шыққан ақша қай елге кетіп жатыр?

Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің дерек көзіне сүйеніп, LSM басылымы хабарлайды.

2017 жылдың қаңтар мен наурыз айлары аралығында халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы 83,13 млрд теңгенің 506 мың трансакциясы іске асырылған. Ал өткен жылы осындай кезеңде 69,12 млрд теңгеге 423 мың трансакция жасалыпты.

Қазақстаннан көп ақша аударылған елдің бірі әрі бірегейі Ресей Федерациясы болып шықты. Онда 38,4 млрд теңге аударылған (өткен жылдың осындай кезеңде 31,6 млрд теңге болған). Одан соң Өзбекстан тұр. Ала шапанды ағайынды елге 9,3 млрд теңге аударылыпты (6,3 млрд теңге).

Одан кейін Түркия (1,9 есе) мен Қырғыз Республикасына да (1,7 есе) ақша аударымы үдей түскен.

Бірақ бір қызығы, Қытайға аударылатын ақша көлемі биыл күрт қысқарған. 2017 жылдың алғашқы 3 айында аспан асты еліне 3,28 млрд теңге аударылыпты, ал былтыр осындай кезеңде 7 млрд теңге аударылған еді. Демек, ақша аударымы көлемі 2 есеге қысқарды.

Ұлттық банктегілер шетелге аударылған ақшалардың басым бөлігі доллар мен рубль түрінде болғанын айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз