Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Иранның бұрынғы президенті Ахмадинежадқа қылмыстық айып тағылды

Иранның Жоғарғы аудит соты прокуроры Фаязи жергілікті БАҚ құралдарына берген хабарында, Ахмадинежад президент болып тұрған кезінде миллиардтаған үкімет қаржысын заңсыз пайдаланған деп айыптады. Оның айтуынша, президенттігінің екінші өкілетті мерзімі кезінде (2009-2013 жылдары) 2 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржыны заңсыз пайдаланған. Жоғары аудит сотының шешімінде айтылған заңсыз пайдаланған қаржы мөлшерін қайтаруға Ахмадинежадтың жекелік мал-мүлкі мүлде жеткіліксіз екенін де айтып өтті. Фаязи сөзінде: «Ахмадинежад заңсыз пайдаланған қаржының мөлшері тым көп болғандықтан, оны қалпына келтіру мүмкін емес»,– деді.

Дегенмен ол сот шешіміндегі қаржыны орнына келтіре алмаса, Ахмединежад қандай жазаға ұшырауы мүмкін екенін ашып айтпады. Белгілі болғандай Иран Жоғары аудит соты бұрынғы президентке жаза кесе ме, әлде сол кездегі үкіметті айыпты деп санай ма ол жағы әлі де анық емес. Анығы, Иранды былай қойғанда әлемдік саяси аренада аты мәшһүр Ахмадинежадтың басына қара бұлт үйіріліп тұр. Осыдан бұрын Иранның рухани көсемі жағынан оның қайтадан президент сайлауына қатысу мүмкіндігі алынып тасталған болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз