Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Iphone 8 онша емес екен. Apple 43 млрд доллар шығынға ұшырады

Жақында ғана Apple компаниясы жарыққа жаңа Iphone 8 бен Iphone Х смартфонын шығарып, әлемді аузына қаратқан болатын.

Өкінішке қарай соңғы бір апта ішінде Apple 43 млрд. доллар шығынға ұшырады. Соңғы 17 ай ішінде болмаған құлдырау болып тіркелді.

Тағы бір себеп — Iphone 8 бен Iphone 8 Plus смартфондарының кейбір әлсіз тұстары мен тұтынушылардың азайып кетуі.

Оған смартфонның жаңа нұсқасының «Iphone 7-ден» көп айырмашылығының болмауы әсер еткен. Адамдар аз ғана айырмашылығы бар нұсқа үшін қыруар ақша шығындағысы келмеген көрінеді. Осы факторлардың әсерінен алдымыздағы жұма күні ғана Apple нарығы 16  пайызға құлдырады.

Естеріңізге сала кетейік, Apple компаниясы 12 қыркүйек күні жаңа Iphone смартфондарын таныстырған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз