Иордания королі Абдалла II Қазақстанға екі күндік сапармен келеді, деп хабарлады Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Азамат Бердібай.
“Иордания королі 31 қазанда Қазақстанға келеді деп жоспарланып отыр. Ол елімізде екі күн болады”, — деді Бердібай брифингте.
Оның айтуынша, сапар барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады.