Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Интриганың көкесі”. Көргіңіз келіп кететін ең шытырман 10 фильм

134

Линданың өмірінде өте түсініксіз нәрселер болып жүр. Күндерінің орны ауысып кеткен бе, ұқпай қалдыӘйел айналасында болып жатқанын түсінбейді, бірақ жақын арада күйеуінің қайтыс болып кететінін біледі екен. Оны ажалдан құтқару үшін не істеу керек? Шым-шытырық триллер, Сандра Баллок ойнайды.

Подозрительные лица The Usual Suspects

Өте қызық криминал-кино деседі. Актерлері де жынды ойнайды. 5 қарақшының басы үлкен пәлеге қалды: атақты гангстер бұларға бір жұмыс ұсынды, оны орындай алмаса – бәрі өледі.

Прежде, чем я усну Before I Go to Sleep

Қиын трагедия. Әйел күн өткен сайын есін жоғалтып барады. Тек күйеуі қабырғаларға іліп кететін суреттерге қарап өткен-кеткенін есіне әрең түсіреді. Не болды екен? Бұл әйелдің басында қандай құпиялар жасырынып жатыр?

Час расплаты Paycheck

Басты рөлде Бен Аффлек ойнайды. Ол арнайы жобалармен айналысатын инженер. Көп ақша алады, бірақ өз жұмыстарының нәтижесін есінде сақтауына болмайады. Басын тазартуы керек. Бірақ одан кейін не болатынын бір Құдайдың өзі біледі.

Перелом Fracture

 

Күйеуі әйелін өлтіріп, оны мойындап отыр. Іс шешілгендей көрінеді, бірақ анау сотпен бір ойын бастайды. Оның ойынында жеңіп шығу оңай емес… Детективтің басы әбден қатады!
https://kaz.365info.kz/zhyreginiz-selk-etedi-irlandiyada-tylsym-zhagdaj-kameraga-tysip-khaldy-283433

Особое мнение Minority Report

Болашақта полицияға қатты көмектесетін сұмдық бір технология шығады екен. Әлі қылмыс жасамаған, бірақ түбі жасайтын адамды ұстап алады екен. Иә, полиция күнәсіз адамды түрмеге қамайдыБір күні бөлім командирі, Том Круз ойнайтын бас кейіпкердің өзі осы тізімге түсіп қалады.

Красные огни Red Lights

kinopoisk.ru

 

Маргарет пен Том алаяқ экстрасенстердің артын ашқыш. Паранормалды құбылыстарды терең зерттейді. Бір күні атақты экстрасенс Сильвер шығады сахнағаЕнді бұлардың басы әбден қатады
https://kaz.365info.kz/internette-khorkhynyshty-khyzdyn-videosy-keninen-tarap-zhatyr-video-282705

Ошибка времени Time Lapse

Үш жігіт пәтерден біртүрлі агрегат тауып алады. Бір бөлмені күн сайын бір уақытта өзінен-өзі суретке түсіре беретін машина. Бірақ бір “но”-сы бар екен! Ол суреттерде ертең болатын оқиға бейнеленген. Сұмдық-ай! Басында мұндай кереметті тауып алғанына қуанған балалар кейін қатты опық жейді.

Транс Trance

Саймон — танымал аукцион үйінің қызметкері. Экспонат ұрлаймын деп бандиттермен ауыз жаласады. Ұрлық сәтті жасалды, бірақ бас кейіпкер экспонатты қайда тығып қойғанын ұмытып қалады. Сонда оның басына кіріп-шығатын мықты психолог әйел көмекке келеді. Әлгі жындының миының қатпарларынан табылған сұмдықтарды көргенде психологтың өзі жаға ұстайды
https://kaz.365info.kz/or-ynyshty-kinodan-it-te-or-ady-213406

Страсть Passion

Франциялық триллер. Бір еркекпен төсектес болған екі әйелдің оқиғасы.
https://kaz.365info.kz/olgender-khajtyp-kele-me-auyldagy-ajdarhan-atanyn-okhigasy-275637

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз