Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Интернетке сап жіберем…”. Оралман әйел бұрынғы күйеуінің өзін зорлап жүргенін айтты

Зорлықтың құрбаны болған оралман әйел “БҰҰ әйелдері” қолдауымен жүргізілген “Зорлықсыз 16 күн” акциясы аясында кеңес алуға келген.

“Ол оралман әйел, орыс тілін білмейді, қазақ тілінде сөйлеуі де өзгешелеу. Тұңғышы сегіз жаста (үш баласы бар). Күйеуі басқа елде. Ол одан үлкен. Әйелінің құжаттарын тартып алған, интим қатынасқа келіспейінше оған құжаттарын бермей келген. Содан әйелін алдап, көлікке отырғызып, қонақүйге апарған. Бір қорап ұстараның жүзін алып шығып, әйелінен шешінуін сұраған. Әйелі қарсылық көрсеткен, бірақ ол оны ұстараның жүзімен қорқытып, оның қолын тіліп тастаған. Әйелі одан бұлай істемеуін сұрап, жалынған. Ал шешіне бастағанда ол әйеліне сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерді жасаған”, – деп жазды адвокат.

Сондай-ақ, адвокат ер адамның өз әрекетін телефонға түсіріп алғанын және ол оның екінші әйелі болуға келіспеген жағдайда суреттерді Интернетке жариялап жіберемін деп қорқытқанын айып берді.

“Енді оған тағы бір хабарлама келді. Онда әйелдің көрсетілген талаптарды орындамағанда не болатынын айтқаны жазылған. Ол әйелін жазалау үшін үш кезең дайындап қойған. Үшінші кезеңде ол үлкен ұлын өлтіріп тастайтынын айтады. Жазылғанның барлығы біздің қолымызда. Бұл жағдай Алматы облысындағы аудандардың бірінде болып отыр. Бас прокуратура! Көмектесіңіздер!”, – деп жазды Айман Омарова.

Омарованың айтуынша, бұл оқиға Алматы облысы Ұзынағаш ауылында болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз