Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Интернет еркіндігі нашар елдердің қатарына ендік

Интернеті еркін емес елдер тізіміне 17 мемлекет кірген. Олардың ішінде Египет, Беларусь, Қазақстан, Судан, Ресей, Пәкістан және Вьетнам бар. Freedom House мәліметі бойынша, аталған елдерде негізінде жергілікті биліктің қысымына тап болып, әлеуметтік желілердегі еркін жазбалары үшін немесе лайк басқаны үшін түрмеге қамалу қаупі бар.

Мәселен, Ресей биыл 65 теріс ұпай жинап, былтырғы жылмен салыстырғанда үш теріс ұпай артық алған. Freedom House дерегі бойынша, Ресей билігі мұны “антитеррорлық әрекетпен” байланыстырады. Бірақ елде оппозициялық мәлімдемелер, ЛГБТ белсенділерінің және Украина жөніндегі постар үшін де жауапқа тартылып жатады.

Құқық қорғаушылардың пікірінше, әлемнің 28 елінде интернет жартылай еркін, 17 елде цензура мүлдем жоқ. Интернет еркіндігі жөнінде бес ел – Эстония, Исландия, Канада, АҚШ және Германия алда келеді. Бұл тізімде Грузия мен Армения да бар.

46be464c-eb36-4d3b-9897-6c30b6324ce2_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз