Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Інің емеспін». Атышулы Атамбаев тағы не бүлдірмек?

https://kaz.365info.kz/khazakhstanga-auyr-ajyp-takhkhan-khyrgyz-agajynga-ayakh-asty-ne-bolyp-khaldy-mamandar-pikiri-251330

Бөлінді ме, әлде арандатушылық па?

Саясаттанушы Денис Бердаковтың пікірінше, партия екіге бөлінді деген қауесет қасақана таратылып отыр, өйткені жиынды өткізу тек техникалық себептерге байланысты шегерілген: алдымен Атамбаев сапарда болса, одан кейін партия стратегиясын дайындау үшін уақыт қажет болды.

Денис Бердаков

— Атап айтарлығы, ҚСДП-ның өткізілмекші съезі қатардағы басқосу емес.

Біріншіден,

Осы басқосуда партия басшысы сайланады, ол лауазым Атамбаевтың еншісіне тиетін сыңайлы.

Екіншіден, партияның саяси кеңесінде алауыздықтың туындағанын да жоққа шығаруға болмас.

Үшіншіден, сол келіспеушілікті ескере отырып, партия өз дамуының нақты стратегиясын дайындауы тиіс.

ҚСДП-ның қазіргі күйі, оның саяси кеңесінің құрамы – көп ретте партияны сонау 90-шы жылдардың басында құрған Атамбаевтың өз қолымен жасаған туындысы.

Сондықтан партия ішінде алауыздық туындады деген ешқандай негіз жоқ.

Дегенмен, ол өзіндік қызығушылық тудырып отыр. Қарасаңыздар, мұндай қауесет пен жорамал ақпараттық кеңістікке үсті-үстіне шығарылуда.

Бүгінде Қырғызстанда саяси элита ел президенті Сооранбай Жиэнбеков Атамбаевпен бірге билік басында қызмет еткендерді қашан лауазымынан тайдырып, өз билігін орнатады деп, күтуде.

https://kaz.365info.kz/maskeu-zhakhyn-dosym-satpaev-atambaevtyn-ne-menzegenin-ajtyp-khojdy-283731

Алайда бұл жерде қазіргі президенттің Атамбаев командасының бір бөлігі екенін түсінген маңызды.

Олар жиырма жылдам астам уақыт тізе қосып қызмет етіп келеді және осы уақыт ішінде олардың арасында ел көзіне түскен ешқандай елеулі түсінбеушілік болған емес.

Сооронбай Жиэнбеков.

Әлбетте, ұсақ-түйек пікір алшақтағы орын алатыны анық. Әрине, олар пайда болып, уақыт өткен сайын арта түседі. Дегенмен, ҚСДК-да қандай бір алауыздық, бөлініс бар деп айтуға ешқандай негіз жоқ.

Ал ақпарат айдынында бой көрсетіп жатқан ондай пікірлерге, қауесеттерге келетін болсақ,

ол Қырғызстанда социал-демократтар партиясының ішінен ақпараттық кеңістігінде болса да алауыздық тудыруға ниетті күштердің бар екенін көрсетеді

Шынтуайтқа келсек, олардың қатарына биліктен алдағы алты жылда биліктен аластатылған саяси элита өкілдері кіреді.

Осы орайда, атап айтарлығы, Сооронбай Жиэнбеков — біреудің қолындағы қуыршақ емес, салиқалы дербес саясаткер. Біз әлі жаңа тағайындаулардың да, жаңа президенттің дербес саясатының да куәгері болатынымызға сенімдімін.

Көршілер не дейді?

— Атамбаевтың ҚСДП төрағасы болып сайлануына көршілер мен одақтас елдер қалай қарайды екен? Мәселен, Қырғыз Республикасының экс-президенті араздыққа барған Қазақстан басшылығы?

— Көптеген елдер, оның ішінде, Ресей Атамбаевтың үлкен саясатқа қайта оралуына жылы қарайды.

https://kaz.365info.kz/otirik-ajtpanyz-ministr-dyjsenova-almazbek-atambaevkha-zhauap-berdi-283833

Өздеріңіз білетіндей, осыдан екі аптка бұрын ҚСДПК мен «Единая Россия» өзара қызметтесу туралы құжатқа қол қойған-ды, бұл, өз кезегінде, Қырғызстан мен Ресейдің саяси партиялары арасындағы болашақ қызметтестікке жол ашады.

Ал Қазақстанның мұны қалай қабылдайтыны туралы сөз қозғау қиын.

Әлбетте, былтырғы күздегі дауды Қазақстанның саяси элитасы әлі ұмыта қойған жоқ, сондықтан қазақтардың жылы қабақ танытуы екіталай.

Дегенмен Атамбаевтың ҚСДП-ның төрағасы болып сайлануы екі ел арасындағы қарым-қатынасқа салқынын тигізеді деп ойламаймын.

Егер мәселенің тарихына көз жүгіртсек, біздің Қазақстанмен қарым-қатынасымызда ешқашан тым керемет, жайлы кезең болған емес.

Бұл көршілес екі мемлекет ежелден қатар өмір сүруде, кейде тату, кейде араз болды.

https://kaz.365info.kz/olar-nagyz-khyrgyz-zhane-khalmakh-khyrgyz-bolyp-bolinedi-sayasattanushy-korshi-eldin-syryn-ajtty-286041

Бауырмыз ба әлде?..

Дегенмен өзім араласатын қазақстандық элита өкілдерінің сөзіне құлақ салсақ,

олар Қырғызстанды әрқашан іні ретінде қабылдайды. Бірақ қырғыздар мұндай көзқарасты ешқашан қабылдамайды.

Осыдан барып, араздық туындайды. Сондықтан біздің елдердің арасында татулық пен араздық ара-тұра алмасып тұрады.

Бәлкім, Атамбаев сияқты Қырғызстанның егемендегіне айқын қол сұғушылыққа қатты қарсылық білдіретін өткір тілді көшбасшы болмағанда, екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсырақ болар ма еді.

Съезд өткеннен кейін үкіметте және депутаттық корпуста қандай да бір өзгерістер болады деп ойлайсыз ба?

— Менің ойымша, қандай да бір елеулі өзгерістер болады деуге негіз жоқ, өйткені алдағы уақытта партия 2020 жылғы сайлауға дайындалады.

Ары кетсе, кезектен тыс сайлауға.

Қазір ҚСДП-ның кадрлаларды ауыстыруға мұршасы жоқ, атқарылатын іс бастан асады.

Соған қарамастан, ауыс-түйістер орын алады, алайда олар премьер Сапар Исаковтың үкіметтің 7 мүшесіне халық тұрмысының деңгейін жақсарту жөніндегі үкіметтің тапсырмаларын тиісті деңгейде орындамағаны үшін сөгіс жариялауына байланысты болады.

https://kaz.365info.kz/balesin-khara-atambaev-putin-medvedev-stsenariin-zhyzege-asyrmakh-pa-284448

Сондай-ақ кадрлық ауыс-түйістер президент аппаратында да орын алуы мүмкін.

Егер депутаттық корпус өзгертілетін болса, онда халық қалаулысы мандатына тізімде төменірек тұрғандар ие болады. Бірақ ол нені өзгертеді? Сондықтан бұл жерде өзгерістер бола қоймас деп ойлаймын.

ҚСДП  бірінші болып жұмыстың жаңа сапалы деңгейіне көшіп, оны Алмазбек Атамбаев үйлестіреді деген үміттемін.

Қазіргі таңда ең маңыздысы, елге түсінікті бірыңғай идеологиямен қаруланған партия бастауыш ұйымдарға арқа сүйеп, республикалық деңгейдегі жұмысты ұйымдастыруы және жүзеге асыруы.

Евгений Погребняк (Жалал-Абад)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз