Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Инфляцияның драйвері Білім болды – білім алу 6%-ға қымбаттады

962

Ресми деректер бойынша, қыркүйекте Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы 0,4%-ға өсті. Бұл 2020 жылдың қыркүйегінен бастапқы ең төменгі айлық көрсеткіш. Тамыз айымен салыстырғанда инфляция қарқыны 0,1%-ға төмендеді. Бұл үшінші ай қатарынан орын алуда.

Алайда, 12 ай бұрын, 2020 жылдың қыркүйегінде инфляция төмен болды. Яғни, жылдық мәнде ол қатарынан бес ай бойы өсуін жалғастыруда.

Оқу бағасының өсуі – 5 жыл ішінде ең жоғарғы

Үшінші ай қатарынан инфляцияның негізгі драйвері ақылы қызметтер болып тұр. Қыркүйек айында тарифтер 0,7%-ға өсті (өсім 0,7-0,8% мөлшерінде 5 ай бойы сақталуда). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар аса (0,6%-ға) қымбаттамады (тамыз айында да осындай қарқын болды).

Білім берудің күрт қымбаттауы назар аудартады. Жаңа оқу жылының басталуымен оқу құны 6,3%-ға өсті. Қыркүйек үшін бұл қалыпты құбылыс. Бірақ алдыңғы жеті жыл ішінде қарқын бір рет қана жоғары болды. 2016 жылы ол 6,4%-ға өсті.

Инфляцияны үдетуші тағы бір фактор – дизель отыны. Қыркүйек айында, ресми мәліметтер бойынша, ол 3,8%-ға қымбаттады. Жалпы, дизель отыны қатарынан 6 ай бойы өсіп келеді, мұндай 2018 жылдан бері болмаған.

Ағымдағы айлық өсім де үш жыл ішіндегі максимум болып отыр – 2018 жылғы қарашадан бастапқы (7,3%) ең жоғары деңгей. Ол кезде Қазақстан да отын тапшылығына тап болды. Оның себебі қазіргі жағдаймен бірдей болған — МӨЗ-ндағы жөндеу жұмыстары және алысқа жүретін жүк көліктері мен көрші елдердің тұрғындары тарапынан үлкен сұраныс.

Қыркүйек айында кейбір коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендеуі байқалды. Және өте аз. Мысалы, суық су ел бойынша орта есеппен 0,6%-ға; ыстық су – 0,1%-ға арзандады. Рас, су тарту қызметтері біршама қымбаттады (0,2%-ға).

Енді бензин қол жетімді – оның құны 0,1%-ға төмендеді. Ол тамыз айында да осындай мөлшерде арзандады. Жолаушылар көлігі қызметі 0,7%-ға төмендеді. Фармацевтикалық препараттардың бағасы төмендеген жоқ, бірақ көтерілмеді.

Азық-түлік: ет пен сүттің қымбаттауы жалғасуда

Азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауы қыркүйекте 0,1%-ды құрады, бұл тамыз айының деңгейіне сәйкес келеді. Алайда, 2021 жылдың басынан бастап ресми мәліметтер бойынша тамақ өнімдерінің құны 7,5%-ға өсті. Соңғы 12 айда – 11,5%-ға өсті.

Қыркүйек айында тағы да ет өнімдері бағасының айтарлықтай өсуі байқалды. Құс еті 2,3%, сиыр еті 1,6%, жылқы еті 1,4%-ға қымбаттады. Қой мен шошқа етінің бағасы көтерілді. Жалпы, 2021 жылдың 9 айында ет пен ет өнімдері 9,3%-ға қымбаттады.

Етпен бірге сүт өнімдері де қымбаттады: сүт, айран және сүзбе – 1,1%-ға; қаймақ – 1,2%-ға.

Қарақұмық жармасы бағасының өсуі (1,7%) назар аудартады, оның екі жылдан астам уақыттан бері қымбаттауы тоқтамады (2019 жылдың тамызынан бастап), сондай-ақ қара бидай-бидай наны (+2,1%) да қымбаттады.

Қыркүйек айында жемістер мен көкөністер 4,7%-ға арзандады. Бұл сәбіз (-23,7%), қызылша (-20,3%) және пияз (-11,9%) бағаларынан айтарлықтай білінді. Картопқа келетін болсақ, оның құны 9,5%-ға төмендеді, бірақ соған қарамастан, ол 2021 жылдың басына қарағанда 21,6%-ға және бір жыл бұрынғыға қарағанда 31,2%-ға қымбат.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз