Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
519
+0.27
EUR
592
-4.15
RUB
6.27
-0.10

Индонезияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Бұл туралы Jakarta Post басылымы хабарлайды.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, жергілікті уақытпен ұшақ таңғы 6:20-да жоғарыға көтерілген. Алайда 13 минуттан соң ол радардан жоғалып, онымен байланыс үзілген.

Индонезиялық құтқарушылардың мәліметінше, ел астанасы Джакартадан Панкалпинанг қаласына бағыт алған Boeing 737 MAX 8 теңізге құлаған.

Ұшақ бортында қанша экипаж мүшесі мен жолаушының отырғаны, әрі апаттың неден болғаны туралы әзірше нақты ақпарат жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз