Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Индонезиядағы ұшақ апатының мән-жайы белгілі болды

170

Ұшақ радардан жоғалып, жағалауға құлар алдында әуежайға қайта оралу туралы сұрау жолдаған, бұл туралы Синьхуа агенттігі көлік министрлігінің өкілі Бамбанг Эрванға (Bambang Ervan) сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Jakarta Post газетінің интернет нұсқасы Индонезияның төтенше жағдайды еңсеру бойынша агенттігіне (Basarnas) сілтеме жасап Lion Air әуе компаниясының Boeing 737 ұшағымен таңертең байланыстың жоғалып, Индонезиядағы Ява аралының батыс жағалауындағы теңізге құлағанын хабарлады.

“Ұшақ радардан жоғалмай тұрып әуе диспетчерлік қызметтен базаға оралу туралы сұраған”, – деп мәлімдеді Эрван агенттікке.

Lion Air бюджеттік әуе компаниясының Boeing 737 MAX лайнері Джакартадан Суматра аралына жергілікті уақыт бойынша сағат 06.20-да (Астана уақытымен сағат 05.20-да) ұшып шығып, 06.33-те (Астана уақыты бойынша сағат 05.33-те) жоғалып кеткен. Батыс Яваның жағалауындағы теңізде ұшақ қалдықтары жатқаны туралы алғашқы хабарлама теңізшілерден сағат 06.45-те (Астана уақытымен 05.45-те) келіп түскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз