Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

Иммунолог КВИ-дің екінші толқынының ерекшеліктері туралы айтты

188
Дереккөзі — inform.kz

«Коронавирус кез-келген жаста қауіпті. Қазір әлемде екінші толқын жүріп жатыр және  үш негізгі ерекшелігі анықталды, —

деген сарапшының сөзін inform.kz келтіреді —

Бірінші ерекшелігі көңіл қуантады, өйткені өлім он есе азайды. Егер наурыз айында Еуропада өлім жағдайлары шамамен 10% болса, қазір шамамен 1%. Бірақ біз өлімнің төмендеуіне не әсер еткенін нақты айта алмаймыз. Тиімді емдеу тәсілдерін меңгеріп,  вирус мутациясы емдеуге қолайлы болған шығар.

Бізде қазір жазға қарағанда ауру деңгейі айтарлықтай төмен, ол кезде күніне 2000-ға жуық жағдай анықталған кездер болды. Қазір күніне 100-150 жағдай тіркеледі. Сондықтан біз бұл заңдылық туралы айта алмаймыз.

Екінші ерекшелік. Өкінішке орай, жастар, соның ішінде балалар да ауыра бастады.

Үшінші ерекшелік. Өкінішке орай, қысқа уақыттың ішінде жағдайы нашарлап, қайтыс болып жатқандар туралы мәліметтер бар. Егер бұрын инфекция жұқтырғаннан екі аптадан кейін қайғылы жағдайлар тіркелсе, қазір 7-10 күн ғана.

Түрлі отбасылық мерекелерді немесе достармен жиналып өткізетін кештерді қысқартып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтап, қолды жуу қажет. Коронавирус ешқайда кеткен жоқ. Қазір вирустың планетаға екінші күшті шабуылы басталды. Ол Қазақстанға біраз уақыттан кейін жетуі мүмкін.

Егер алғашқы толқын Еуропаға наурыз-сәуір айларында, ал бізге  маусым-шілде айларында, адамдар ашық кеңістікте болған кезде келсе, қазір ауа-райына байланысты барлығы жабық ғимараттардың ішінде болады, вирустың таралу мүмкіндігі көбірек. Адамдар көп жиналған сайын, кез келген респираторлық вирустық инфекциялар, соның ішінде коронавирус таралу қарқыны үдей түседі.

Кейбір елдерде балаларды 5-6 жастан бастап бетперде киюге мәжбүр етеді. Шын мәнінде, маска кез келген жастағы адамды қорғайды, тек оны барлық жастағы балаға кигізуге болмайды. Егер сіз 5-6 жастағы балаңызбен бірге дүкенге барсаңыз, онда маска кигізгеніңіз жөн. Маска вирусты жұқтыру қаупін төмендетеді».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз