Біздің эстрададағы әйел әншілердің тең жартысы тоқал болған ба, қалай өзі? Күні кеше 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында танымал продюсер Жанна Әбуова өзінің белгілі қазақ әншісінің тоқалы болғанын, онымен қоймай оған ұл туып бергенін айтыпты.
“Ұлымның аты Иманәлі. Оған әкесінің кім екенін айтқам жоқ. Бірақ уақыт келе бұл құпиямды ашамын” депті Жанна.
“Оған жас қыздар сияқты есім кетіп, ғашық болдым. Сөзіне имандай сендім. Бірақ, бәрі де өтірік екен. Ол “әйелімді сүймей қалдым” деп ақталды” дейді Жанна.
“Мен оның отбасын бұзғым жоқ. Мұның маған керегі жоқ. Бірақ, уақыты келгенде бәрін де айтамын” деп қосып қойыпты ол тағы да.
Ал бала әкесін көрмеген де екен. Әкесі де іздеп келмейді екен.
Ал осы бағдарлама жүргізушісі баланың кім екенін білетін сияқты. “Ол ана бір орысша сөйлей алмайтын, бірақ қазақтың ең сүйікті әншілерінің бірі емес пе?” дейді жүргізуші.
Бағдарламаның тұрақты көрермендері болса Жанна Әбуованың ұлының әкесін іздеуге кірісіп кетті.
https://www.youtube.com/watch?v=P9alrGiFGsE