Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Имамды кіргізіпті…”. Атышулы Күлікбаевтың не бүлдіргенін естідіңіз бе?

167

https://kaz.365info.kz/almatyda-y-terakt-olymen-ishin-bas-an-k-likbaev-sotta-ornynan-t-ra-almady-232949

Алматы қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Күлікбаевты өлім жазасына кескен еді. Ол Қостанай облысындағы УК-161/12 қауіпсіздігі толық мекемеде қамалуда.

“Суицидке қатысты айтар болсақ, ол жазасын өтеп жатқан уақытта екі жағдай тіркелді, дер кезінде қылмыстық-атқару жүйесі оның алдын алды. Өкінішке орай, ол әлі де суицид жасау мүмкіндігін іздеп жүр. Мекеме басқа да кешенді профилактикалық шараларды қолдануда”, – деді комитеттегілер.

ҚАЖК мамандарының айтуынша, өлім жазасына кесілген сотталушылар бір адамдық камерада және күшейтілген күзет қамтамасыз етілген. Сотталушы қатаң шартпен қамалуда.

https://kaz.365info.kz/k-likbaev-z-azhalyn-ara-b-rkit-degen-t-rmede-k-tedi-235644

“Күлекбаевтың тәртібі теріс пиғылды, ол бірнеше рет тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бірінші күннен бастап, депрессиялық және стрессті басу үшін және жазасын өтеуге бейімделу үшін сотталушыға психологиялық көмек көрсетіліп келеді.

Қашуға бейім, күзетшілерге шабуыл жасау, суидцидке бару және кепілге адам алу бойынша профилактикалық есепте тұр. Аффект жағдайында кез келген әрекетке бару мүмкін

, – деді ҚАЖК мамандары.

ҚАЖК өкілдері, діни тақырыпта жұмыстар істелініп жатқанына қарамастан (жыл басынан бері имаммен және теологпен 20 рет кездескен) ол өзінің радикалды ұстанымынан айығар емес. Сонымен қатар, комитет мәліметінше, оның тарапынан діни көзқарасты насихаттау байқалмаған.

Еске салайық, 2016 жылы 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Руслан Күлікбаев Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Атыс салдарынан 10 адам қаза тапты. 2 қарашада Алматыда Руслан Күлікбаевқа өлім жазасына кесілуі және мүлкі тәркіленуі туралы үкім шығарылды.

https://kaz.365info.kz/ruslan-k-likbaev-sot-pen-politsiyadan-kek-al-ym-keldi-bejbit-t-r-yndar-a-o-at-am-zho-217493

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз