Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Имамдар несиеге күнә ретінде қарамауы керек – дінтанушы

Алдағы уақытта осы азаматтардың берешегін банк басшылары коллекторлық қызмет арқылы өндіріп алмақ. Бүгін халықтың басым көпшілігі үшін несие алу – өмірлік қажеттілік болса да,

дін басылар мен имамдар «несие алу күнә» деген позицияны үзілді-кесілді ұстанып отыр.

Алайда имамдардың айтқанына құлақ асып, несие алмай жатқан азаматтар аз.

uaqab1

Досай Кенжетай

Белгілі дінтанушы Досай Кенжетайдың айтуынша, банктен несие алу – харам. Алайда ол қазіргі жағдайда банктен несие алмай өмір сүру мүмкін емес деген пікірде.
– Өмірлік қажеттілік адамдарды несие алуға мәжбүрлейді, олардың басқа шарасы жоқ. Өйткені өмір сүріп жатқан қоғамыңның тұрмысынан сырт болу мүмкін емес. Міне, осындай қиындықтар мен мұқтаждықтар діндар мұсылмандарға ислам шарттарына сәйкес өмір сүруге мүмкіндік бермей отыр. Оларды бұлжытпай орындау үшін белгілі жағдайлар қажет. Ал жағдай жоқ болмаса, мың жерден «өсімге несие алуға болмайды» десең де, ешкім сөзіңе құлақ аспайды.

Имам ағзам Абу Ханифаның басты принципі бойынша, қандай да бір нәрсе белгілі жағдай болған кезде жүзеге асады. Түрлі жағдайларда жүзеге асқан әрекеттердің үкімі де бірдей бола алмайды. Ең басты шарт – жағдай жасау.

Сондықтан «несие алу харам» деген ұғымды жағдай мен уақыт төңірегінде қарастырған жөн,

– дейді Досай Кенжетай.

Дінтанушының айтуынша, кейбір жағдайда шариғат арам өлген малдың етін жеуге үкім береді. Сондықтан да ол «несие алу күнә» деп қарап отыруға болмайды деген пікірде. Өйткені мәжбүрлік пен жағдай кейде кез-келген үкімді қайта қарауға итермелейді

– Мәселен, кей адамдар банктен несие алып, жер сатып алады. Егер олар несие алып үй салып алмаса, бала-шағасымен пәтер жалдап, біреудің босағасында жүреді.

Өйткені банктен қарызға алған ақшаңды өзің өтейсің, ал егер исламның қатып қалған қағидасын ұстансаң, тұрған үйің үшін біреуге өмірбақи жалақы төлеп өтесің. Сондықтан да имамдар несие мәселесіне жаңа көзқарас тұрғысынан қарауы керек.

Қазір Түркия, Иран сынды мұсылман мемлекеттерінде заманауи банк жүйесі қалыптасқан. Алайда кейбір елдер әлі күнге дейін исламның қатып қалған қағидаларынан құтыла алмай отыр. Сондықтан несиелеу шарттарын мұқият зерделеген жөн. Осы орайда, басшылыққа адамның және қоғамның қажеттілігін басшылыққа алу қажет, банк жүйесін солардың мұқтаждықтарына бейімдеген жөн, – деген сенімде дінтанушы.

Шын мәнінде, дінбасыларына несие мәселесіне бүгінгі күннің тұрғысынан қарау керек – қазір халықтың 7,3 миллионы несиемен күн көріп отыр. Оның ішінде, қарызын қайтара алмай жүрген 1,1 миллион адамның мәселесі – бөлек тақырып болса керек.

Соған қарамастан, несие алардан бұрын адамдар „көрпеңе қарай көсіл„ деген халық даналығын қаперінен шығармай, өз мүмкіндіктерін сергек сараласа жөн болар еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз