Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин қазақ тілін үйренудің екінші кезеңін бастады.
Ол бұл жолы қазақ тілін үйреніп жүргенін айтып, көпшіліктің назарын өзіне аудартты. Спортшы тіпті, бұл туралы ТікТок парақшасына видео жариялады.
«Ассалаумағалейкүм, құрметті достар! Барлықтарыңызға жақсы апта тілеймін! Көңіл-күй қалай? Менде бәрі жақсы. Мен осы аптада мақсат қойдым. Сіздер мақсаттарыңызды қойдыңыздар ма? Айтыңыздаршы. Мен өте қуанышты боламын. Тағы бір рет сіздерге жақсы апта тілеймін», – деді Ильин.