Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Илья Ильин 12 жыл бойы бірге болған әйелімен ажырасқанын мәлімдеді

145

“Допинг дауы болмағанда бірге болар ма едіңіздер?” деген сұраққа:

“Оған байланысты емес деп айтар едім. Допингсіз де көп жанжалдастық. Бәріне нүкте қою керек деп ойладым. Осылай жалғаса беруіне жол бере алмадым. Наталья – жас, сұлу, болашағы зор. Оның қасында Натальяны түсінетін, оған лайықты еркек болсын. Мен оны еркіне жіберуім керектігін түсіндім, бақытты болғандығын қалаймын. Ал мен болсам, жалғыз, өз-өзіммен, өз өміріммен өмір сүре беремін. Иә, мен қызба еркекпін, күнәм да аз емес. Бірақ болған нәрсені қайтару мүмкін емес”, – деді Илья Ильин.

Арадағы қалған кішкентай қызымен де ара-қатынасын үбеген екен.

“Миланканы мектепке апарамын, күнде серуендейміз. Ол негізінен менің ата-анаммен бірге тұрады. Менің анам да Натальямен жақсы араласады, мен сонысына қуанамын. Қызым мені жақсы көреді, үнемі жанымда. Уақытты бірге өткіземіз. Керемет әкемін деп айта алмасам да, ол үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Милана – қиын кезде мені алға сүйрейтін күш. Оның болашағы үшін жауаптымын”, – дейді ауыр атлет.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз