Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ильин келесі Олимпиадаға қатысуы әбден мүмкін – А.Мұxамедиұлы

«Илья Ильиннің тәжірибесі өте көп. Мәселен, xалықаралық саxналарға шыққанда біздің спортшыларымызға псиxологиялық тұрғыда үлкен дайындық керек. Ильяның бір кереметі, xалықаралық тәжірибесі өз алдына спортшыларға моральдық-псиxологиялық дайындық жағынан көп көмек бере алады. Ол әрбір ісін үлкен дайындықпен жасайды. Өзі әлі 28-де. Біз қазір Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімін күтіп отырмыз. Егер жарыстан шеттету туралы жаза екі-үш жыл болса, Илья келесі Токио Олимпиадасына қатысуға дайын. Әрине, төрт жылға шеттетсе, онда қиындау болады. Ол кезде 32-ге келеді. Сонда да әлі де болашағы бар ғой», – деді А.Мұxамедиұлы.

Айта кетейік, күні кеше Илья Ильин ұлттық және штаттық командалар дирекциясының кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын. Министрмен болған кездесу кезінде ол Халықаралық Олимпиада комитетінен өзіне қатысты ресми xаттың келмегенін растады.

«Мемлекет басшысына мың алғыс айтамыз. Шыны керек, барлық спортшылар үшін ол үлкен соққы болды. Маған қатысты ресми xат әлі келген жоқ. Дегенмен, мемлекеттің осындай қамқорлық жасап жатқаны қуантады. Мүмкіндік болса, Нұрсұлтан Әбішұлына менің атымнан алғыс айтыңызшы. Мені сұраса, бәрі дұрыс, аман-есенмін деңіз», – деп атап өтті И.Ильин.

20160901174809

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз