Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

ІІМ мінсіз “полисмендерді” дайындамақшы

403
Liter.kz

Штатты оңтайландыру

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчидидің айтуынша, қазақстандық полиция еуропалық деңгейге көтерілуі тиіс. Шенеунік жаңғырту бойынша Жол картасы бекітілгенін айтты.

Жұмысты жақсарту бойынша бірден 54 іс-шара бекітілген. Олардың бірі — полицияның штаттық құрылымын оңтайландыру.

“Біз қызметкерлер санын 11%-ға оңтайландырдық. Негізінен бос лауазымдар есебінен. Бір-бірін қайталаған 106 бөлімше жабылды. 1 180 басқарушылық лауазым қысқартылды. Нәтижесінде 100 мың адамға шаққанда полицейлердің саны бойынша біз 471-ден 393-ге дейін “төмендедік”. Қазір Бельгия мен Чехияның арасында орта еуропалық деңгейде тұрмыз.

Қысқарту математика үшін жасалған жоқ

Осы шаралар есебінен біз 16 млрд теңгеден астам қаржы үнемдедік, олар Үкіметтен қосымша бөлінген 20 млрд теңгемен бірге жалақыны арттыруға бағытталған”, – деді министрдің орынбасары.

ІІМ жалақыны саралап арттыруды жоспарлап отыр:

• патрульдік полиция қызметкерлеріне — 65%;
• жедел-тергеу құрамына — 55%;
• учаскелік инспекторларға — 25%;
• профессорлық-оқытушылық құрамға — 25%;
• қалған қызметкерлерге — 20%.

Сонымен қатар, полицейлердің тұрғын үй жағдайын жақсарту туралы шешім қабылданды.

“Бұл мәселені біз тұрғын үй өтемақысын беру арқылы шешеміз. Бірінші кезеңде олар жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне төленді. Бұл шамамен 5,6 мың сертификат.

Оларға патрульдік полицейлер, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, учаскелік полиция инспекторлары қосылды. Барлығы 15 мың адам”, — деді Калайчиди.

Үш айлық білім

Жаңғырту бағдарламасы полицейлерді оқыту моделін өзгертуді көздейді.

Бейінді ведомство заманауи әдістемелерді пайдалана отырып, қызметкерлерді “муштрлеуді” көздеп отыр.

Мысалы, қазақстандық полисмен психология негіздерін білуі тиіс

Қызметкер полиция қызметінің тактикасы бойынша, сондай-ақ киберқылмыспен күрес бойынша курстан өтуге міндетті. Ең бастысы — құқық қорғау органдары халықпен өзара іс-қимыл жасауды үйренгісі келеді.

Алайда инновациялармен қатар, полиция оқу орындарының саны да қысқарады — қазіргі 12-нен 5-і қалады

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына мамандандырылған деген мәртебе беріледі, олар белгілі бір салаға бағытталған мамандарды дайындайтын болады.

Қарағанды академиясы тергеуші-криминалистерді даярлайды. Алматы академиясы — жедел қызметкерлер мен техникалық бөлімшелер қызметкерлерге оқытады. Шымкент оқу орталығы — күзет қызметінің мамандарын дайындаса, Ақтөбе академиясы — әкімшілік полиция қызметкерлерін дайындайды. Қостанай — әкімшілік және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне білім береді.

Айтпақшы, ішкі істер министрлігі бакалаврларды даярламауды шешті

Олар арнайы білімі бар мамандар болады. “Жоғары дәрежелі” қызметкерлер қарапайым азаматтардың ішінен іріктелетін болады.

“Бакалавриаттан бас тарту бұл саладағы басты жаңалық болып отыр. Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам заңгер даярлайтын бірнеше жоғары оқу орыны бар.

Бос лауазымдарға ІІМ ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан жоғары оқу орындарының түлектерін шақыратын боламыз

Содан кейін “жаңадан келгендер” үш айлық немесе алты айлық курстарда оқиды”, — деді Алексей Калайчиди.

Полицияға арналған фронт-кеңселер

Азаматтар полицияға жүгінген кезде елеулі қиындықтарға тап болатынын бейінді ведомстводағылар мойындап отыр.

Адамдар маманға жолыға алмайды, өтініш немесе кеңес ала алмай жатады. Полиция қызметкерлері де “адам тілінде” түсіндіруге құлқылы емес.

Құқық қорғаушылардың пікірінше, сервистік үлгіге көшу осы мәселені шешуі тиіс

174 полиция бөлімшелерінде фронт-кеңселер ашылған. Мұнда штаттағы қызметкерлерден басқа еріктілер жұмыс істейді.

“Біз шағымдарға талдау жасай отырып, ешқандай шеңбері жоқ фронт-кеңселер құру керектігін түсіндік. Телефон нөмірлерін қалдырып кетуді ешкім сұрамайтын болады. Біздің қызметкерлеріміз де, еріктілер де сонда қызмет көрсетеді. Медиаторға арналған, мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке кабинеттер бар.

Өтініштерді ресімдеуге арналған 20-30 орындық күту аймағы, дүкен, санитарлық тораптар, телефондар, интернет қарастырылған

Бір сөзбен айтқанда, адамға дайындалып алуға, келгендегі мақсатын түсіндіре алуына қажеттінің бәрі бар. Азамат білікті кеңес алып, өз мәселелерін шеше алуы тиіс”, — деп түсіндірді министр орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз