Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“ІІІ-дүниежүзілік соғыс басталады…”. Осылай деп шала бүлінген Трамп таза адасты

Трамп соғыстың НАТО мүшесіне көмек қажет болғандықтан туындауы мүмкін екендігін айтты. Иә, әскери альянстың бір мүшесіне шабуыл жасалса, қалған мемлекеттер соғыс әрекетіне қосылып кетеді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хезер Науэрт бүгінге дейін Черногориядан телефон соғып, АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесіне наразылық білдіргендер жоқтығын хабарлады.

“Менің білуімше, бізге әлі телефон қоңырауы келіп түспеді”, – деді ол. Сонымен қатар, ол АҚШ-тың альянс ұстанымына сәйкес, Черногорияны НАТО мүшелері секілді қорғайтынын айтты.

Айта кетелік, Черногория 2017 жылы шілдеде ресми түрде НАТО-ның мүшелігіне қабылданды. Бұрынғы Югославияның бір бөлігі бұған қатты наразылық білдіріп, көшеге шықты. Арты үлкен саяси жанжалға ұласты. Бұның артында Ресей тұр десті. Тіпті, Черногория прокуроры Сербия мен Ресей азаматтарынан тұратын бір топ адам елдің үкімет басы Мило Жукановичті өлтіріп, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Бірақ Кремль „Черногория сынды тәуелсіз елдің ішкі мәселесіне біз араласа алмаймыз, оған құқығымыз жоқ„ деп бұл айыпты жоққа шығарған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз