Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Идеология мен ішкі саясат тізгінін қазақтілді қазақтардың қолына беру керек – Мұхтар Тайжан

Мұхтар Тайжан бұл ұсынысты исламға жат ағым – салафиттер туралы Фейсбуктегі жеке парақшасындағы жазбасында келтіреді.

Ол салафизм қауіп-қатерін өз жазбасында былайша тізбелейді: “Салафиттер деген қазақтарға жеті шелпек пірісу, зират басына барып, аруаққа арнап Құран оқу, ақыры домбыра шертіп, қобыз ойнау – шірк дейтін ақылгөйлер.

Олар бірнеше жыл бұрын 1000 жылдық тарихы бар Жаркенттегі Әулеағашты өртегісі келгендер. Бұл киелі ағаш туралы, тіпті ежелгі қытай жазбаларында да айтылады. Салафиттер Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып жіберейік деп жүргендер. Олар тек Аллаға ғана бас иіу керек, ал басқа зиярат етіп, тәу етіп баратын киелі жерлер – шірк деп санайды.

Міне, бүгін ғана Сириядағы ДАИШ содырлары VI ғасырда салынған шіркеуді жарып жіберді. Олар бірнеше жыл бұрын ауғанстандағы үлкен Будда мүсінінің көзін жойған. Мен будист емеспін, бірақ жалпы адамзат баласына ортақ тарих пен мәдениет нысандарының көзінің жойылуына түбегейлі қарсымын”.

Сондай-ақ Мұхтар Тайжан салафиттердің істегені өз уағыздарына сай келмейтіндігі, осының өзі-ақ олардың пиғылы мұсылмандыққа жат екенін әшкерелейтінін айтады.

– Бұл жігіттер қысқа балақты шабар киіп, сақал жіберіп, көз қылып намаз оқығанымен, базарда тұтынушыларды таразыдан жеп, алдайды. Дінде жоқ ұғымдарды өзгелердің миына сіңіргісі келеді. Жезөкшелікті «уақытша әйел» деген ұғыммен жамап-жасқайды, сөйтіп үш рет талақ сөзін айтып, қыздардың өмірін құртып кете барады. Шынымен соларға сеніп, мұсылмандыққа бет бұрып, хиджап киген қыздар осылайша сорлап қалады.

Ең бастысы, салафиттер тек солар ғана ақиқатты біледі деп санайды, сондықтан олар өз ілімін өзгелерге ауызша мойындатқызуға тырысады, болмаса қолына қару алады. “Машалла”, “альхамдуллиллях”, “ифтар” сынды құлаққа жағымды араб сөздерін қайта-қайта қайталап, ерекше киініп, мұны олар Ислам деп санайды. Бірақ олар сенім, иман – адамның жүрегінде, адамның сыртқы пішінінде, келбетінде емес екендігімен санасқысы жоқ.

Қоғам белсендісі биліктің қоғам үшін осындай жат әрі дөрекі әрекетке тойтарыс бермеуінің бір себебі – олардың басты қағаидасы «патшаға қарсы шығуға болмайды» дегеніне сеніп қалуында деп түсіндіреді.

Алайда Мұхтар Тайжанның пікірінше, салафиттер осылайша билікті нандырып, алдап келген. Әйтпесе, олардың әу, бастан көздегендері – билік, Халифат құру.

– Бүгін елімізде лаңкестікке қарсы қолданылып жатқан күштік шаралар биліктің идеология жағынан жеңіліске ұшырағанын танытады, ал салафизмге тек идеологиялық тұрғыда ғана тойтарыс беруге болады…

Енді … жастар тәрбиесімен мықтап айналысатын уақыт туды. Идеология орнына жасамыс, даңғаза, жалған ұрандар жүріп жатқанда жастар ешнәрсеге сенбейді, оның орнын бөтен ағымдағылар ыждаһаттылықпен толтырып жатыр.

Уақыт өзі бәрін ой елегінен өткізуді талап етіп отыр. Еліміздің мемлекеттік идеологиясын, ішкі саясатын басқа сапада және жаңа тәсілдермен толықтыру қажеттігі туындап жатыр. Еліміздің идеологиясы мен ішкі саясатын қазақтілді қазақтар басқаруы керек, тек солар ғана жастарға бұл мәселенің артық-кем жерін дұрыстап түсіндіре алады. Ондай адамдар бізде жетерлік, – дейді Мұхтар Тайжан өз жазбасында

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз