Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-11
USD
525
+1.07
EUR
553
+2.48
RUB
5.14
+0.13

“Иә, өтірікшімін”. EXPO-2017 құрылысы жайлы даулы видеоның авторы кешірім сұрады (видео)

“Бұл мәліметті жоққа шығару үшін және кешірім сұрау үшін осында келіп отырмын.

Инженерлер-жобалаушылар онда паркинг екенін айтып түсіндірді, – дейді видео авторы.

“Дереккөзге назар аударайықшы. Материалды алып келген адам заманауи құрылыс технологиялары жайлы айтып жатыр. Ол білімді, оқыған адам шығар. Бірақ ол адамда осындай шешімге келу үшін толық мәлімет жоқ”, – деді өз кезегінде “Астана ЭКСПО – 2017” АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.

Ал “Сембол” компаниясының жоба менеджері Ахмед Қарахан видеода паркингтің шатырын дайындау бойынша жұмыстардың жүргізілгені түсірілгенін айтты.

“Түсініспеушілік болды. Біз құм, топырақ сияқты материалдарды қолдана алмаймыз, өйткені ол шыдай алмайды. Себебі онда паркинг болады”,

– деді Ахмед Қарахан.

“Біз осыдан бірнеше күн бұрын осы аймақты сынақтан өткіздік. Су толтырылған өрт сөндіру машиналары жүріп өтті. Конструкция шыдады”, – деді ол.

“Қолданылған материалдардың барлығы – америкалық материалдар. Жай қағаздар емес, 40 тоннаға дейін шыдай алатын мықты материалдар. Бұл материалдар жылуды жақсы сақтайды. Кез келген инженерімізден сұрасаңыз, біз бұл материалдардың мықтылығын дәлелдей аламыз”, – деді жоба менеджері Ахмед Қарахан.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Астанадағы EXPO құрылысы алаңында түсірілді делінген видео пайда болған еді.

https://www.youtube.com/watch?v=ho5_1X_uVPU

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз