Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

 І Әлемдік этноспорт ойындары Қазақстанда өтеді

Сонымен бірге, 13-15 тамыз аралығында Стамбул қаласында ЮНЕСКО-ның және Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен «Кешенді ІV косультациялық кеңес отырысы» және «Дәстүрлі спорттар мен ойындар бойынша достық тобы отырысы» атты жиындар өткізілді.

https://kaz.365info.kz/alayakh-dejdi-tanymal-anshini-astana-men-atyrau-zhyrty-sabylyp-izdep-zhatyr-video-327724

Әлемнің этноспортты дамытушы көптеген мемлекеттерінің жүзден астам өкілдері қатысатын бұл жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының өкілдері де арнайы шақырту алған болатын. Жалпы жиын қорытындысында, 2021 жылы І Әлемдік этноспорт ойындарының Қазақстан Республикасында ұйымдастырылу мүмкіндігінің басым екендігі айтылған.

2021 жыл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толатын мерекелі жыл. Осы мерекелі жылы Астанада жер жаһанның таңдаулы ұлттық ойындары тамашаланатын І Әлемдік этноспорт ойындары ту көтеруі бек мүмкін.

Естеріңізге сала кетейін, Ұлттық спорт жанкүйерлері 2018 жылғы 1-2 шілдеде ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің өкілдері Халил Ахмед Хан, Шамми Рана  және Марселлин Дэлли мырзалардың Астанаға арнайы сапармен келгенін ұмытпаған болар. Қазақстан мемлекетінің І Әлемдік этноспорт ойындарын өткізуге үміткер елдің бірі екендігі сол кезде мәлімделген.

https://kaz.365info.kz/zhanym-dejdi-tosi-zhartylaj-ashykh-khyzga-khyryndagan-khajrat-nyrtastyn-basy-dauga-khaldy-video-327741

Астанадағы  Ұлттық музейде ЮНЕСКО, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы арасындағы үшжақты өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды, ЮНЕСКО өкілдерінің «Этноспортты дамыту және насихаттау» тақырыбындағы семинар-кеңесі тыңдалды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз