Хоккейден Қазақстан құрамасы Норвегияны жеңіп кетті

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы Олимпиада-2018 іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын жеңіспен бастады.

F тобындағы алғашқы матчта Андрей Назаровтың командасы овертаймда алаң қожайындары — Норвегия құрамасын 4:3 есебімен жеңді.

Бүгін, 2-ші қыркүйек күні Астана уақытымен 20:00-де Қазақстан құрамасы Франциямен кездеседі.

Айта кетсек, F тобының жеңімпазы 2018 жылы Пхенчханда өтетін Олимпиадаға жолдама алады. Олимпиадаға жолдама алып қойған елдердің қатарында Оңтүстік Корея (Олимпиада қожайыны ретінде), Канада, Ресей, Швеция, Финляндия, АҚШ, Чехия, Швейцария және Словакия бар.