Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Көші-қон полициясында алты жасар баланы 19 ғасырға тіркеп қойған

115

Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

Бір қарағанда, жай ғана ағаттық болып көрінетін нәрсе, болашақта бала үшін үлкен қиындыққа айналмақ. Ол балалар психоневрологиялық диспансерінен жедел медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылып қалуы мүмкін.

Балақай жүйке жүйесі мен сөйлеудегі даму ауытқушылығына шалдыққан екен.

Ұл баланың анасы алған мекенжай анықтамасында бүлдіршіннің тіркеуге 19-шы ғасырда алынғаны мәлімделген.

Диспансерге жүгінгенде, дәрігерлер мұндай құжатты алудан бас тартып, қатені түзетіп әкелуге кеңес беріпті.

Алайда ағаттықты жөндеу тек ІІМ орталықтандырылған жүйесінде ғана іске асатын болып шықты.

“Мен миграциялық полиция қызметкерлеріне келіп, мәліметтерді жөндеп беруін сұраған едім. Бірақ, олар маған ұлымды басқа мекенжай бойынша тіркеу керектігін айтты” , – деді Анна Погосова.

2012 жылдың 28-тамызында дүниеге келген баланы не себепті 19-шы ғасырға жазып қойғаны белгісіз. Туыла сала тіркелінетін құжатта 1899 жылдың қайдан алынғаны белгісіз.

ХҚКО NUR.KZ тілшісіне миграциялық полицияның жүйесіне қатысты пікір білдіре алмайтындарын түсіндірді. Олардың мәлімдеуінше, орталықтың бұл жүйеге кіру құқығы жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз