Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Хиуаз Доспанова “Қазақстанның ұлы әйелдері” тізіміне енгізілмек

376

Қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш-штурман, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған кітап ІІІ-тараудан тұрады.

Кітаптың алғашқы екі тарауында қазақтың батыр қызының әскери естелігі негізінде жазылған “Халқым үшін” және “Под командованием Расковой” атты 1960-63 жылдары жарық көрген еңбектер қайта басылып шыққан. Ал үшінші тарауда бүгінгі егемен елімізде үлгі тұтар батыр апамызды елеп-ескерген іс-шаралар мен ұсыныстар қамтылады.

Мәселен, сол ұсыныстар ішінен Атыраудағы халықаралық әуежайға Хиуаз Доспанова есімін беру, сол секілді мектеп оқулықтарына ол кісі туралы мәліметтер енгізіп, осы тұрғыдағы олқылықтың орнын толтыру туралы бастамалар, әрине ақылға қонымды.

Хиуаз Доспанова апамыздың жарты ғасырдан астам уақыт бұрын шыққан еңбегін тұңғыш рет қайта бастырып шығарып, құрастырған – Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова есімін Атырау Халықаралық әуежайына беру туралы бастамашыл топтың жетекшісі, белгілі журналист Тұрсын Қалимова. Атырау облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен 2000 дана болып жарық көрген бұл еңбек алғаш былтыр күзде Астанада таныстырылып, Атырауда тұсауы кесер рәсімі өткізілген. Ал бүгін Алматыда “Women of Kazakhstan” үкіметтік емес ұйымының қолдауымен “Қазақстанның ұлы әйелдері” шарасы аясында тағы бір насихатталып отыр.

Бұл жолғы мақсат – Хиуаз Доспанова апамызды Қазақстан тарихында ерен еңбегімен көзге түскен ұлы әйелдер жөніндегі мәліметтер базасына енгізіп, үш тілде ақпарат тарататын Wikipedia-ға тіркеп, бүгінгі қазақтың қыз-келіншектеріне үлгі ету және жас ұрпақтың патриотттық тәрбиесіне негіз болу.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз