Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Хиллари, қазақтар сені жақтайды. Трамп – кет!

Жалпы, өзіме Хиллари Клинтонның сыртқы саясаттағы Ресейге қатысты қатты ұстанымы ұнайды. Егер

осы сайлаудан Хиллари президент боп шығатын болса, Ресейдің жағдайы қатты қиындап, путиншіл Ресей өз басымен қайғы боп кетуі мүмкін.

Ресей соны түсініп, қазір құдайдан Трамптың президент болуын тілеп жалбарынып отырған болар.

Трамп келмесін деп тілейік 

Егер Трамп президент болса, ТМД аумағы оның досы Путинның қоластына өтіп, біздің мемлекеттігімізге үлкен қауіп төнеді. Себебі Трамптың сыртқы саясаттағы ұстанымы сондай.

Трамп бізді лақтырып кетпекші. Ал ресми Вашингтон – біздің Тәуелсіздігіміздің кепілі, біз ядролық қаруды бергенде олармен солай уағдаласқанбыз. Енді бұл жерде “қазақ тек өзіне ғана сену керек, анау – мынау” деуіңіз мүмкін. Бірақ әлемдік ойыншылардың ойынысыз ешбір халық өз саясатын жасай алмайды. Ол рас.

Клинтон, сен жеңуге тиіссің! 

Өз басым Х. Клинтонның президент болуын тілеймін.

Баяғыда, Совет пен АҚШ тың “қырғиқабақ соғысы” (холодная война) тұсында, сол соғысты жүргізген АҚШ-тың сыртқы саясаттағы – З. Бзежински, Г. Киссинджер сынды майталмандары болған еді.

Оларды “ястребтер” деп атайтын. Яғни, қырғилар. Осы “қырғилар” Советтің түбіне жеткен еді. Солардың ішіндегі төресі – осы Бзежински болатын. Коммунистер бұрын Бзежинскидың атын естігенде, зәрелері ұшатын. Бзежински Вашингтонда әлі де ықпалды тұлға. Келешекте Хиллари ханымның жаңа әкімшілігі осындай өз Бзежинскиларын тудырып, алда болатын жаңа текетіресте басым түсіп, мына Ресейді қалайда ауыздықтау керек.

Ал ана сайқымазақ Трамптардың билікке келгені бізге өте қолайсыз болмақ. Ол билікке келіп, біз халықаралық қауымдастық назарынан тыс қалып жатсақ, міне, сол кезде ұрандай беріңіздер – “қазақ тек қана өзіне сену керек, андай – мындай” деп, себебі, ол кезде елдігімізді путиндерден тек өз күшімізбен   қорғауға тура келеді. Ал ол өте қиын және қатерлі жол. Сондықтан, тек қана Хиллари Клинтон – президент!

thrumphil-pic905-895x505-95871

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз