Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Хасан үшін көлігін сатты”. Түрікті сүйген қазақ қызы оңбай алданыпты

234

 

https://kaz.365info.kz/t-rikke-t-rmys-a-shy-an-aza-yzy-meni-ateligimdi-ajtalama-dar-kinesi-der-236722

 

Көбіміз тұрмысқа шықпаған қыздар болғандықтан, түрік жігіттері деген тақырыпта әңгімені өрбітіп жібердік. Көкейімізде бір сұрақ: Неге осы қыздар түрік жігіттеріне күйеуге шығады? Түрік жігіттері неге қазақ қыздарына әуес? Барлық түрік жігіттеріне шыққан қыздар бақытты ма?

 

Менің ауылдас қызым түрік лицейінде сабақ беріп жүріп, өзінен төрт жас кіші түрік жігітіне тұрмысқа шыққан. Ауылдасым жас кезінде біраз ауылды шулатқан қыз еді, қазір мүлдем танымастай өзгерді. Қыздың ата-анасы басында қарсы болғанымен, қазір үйренген сияқты. Намаз оқиды, ұзын көйлек киеді. Түрікшеге судай. Бес баласы бар. Қазақстанда тұрады. Күйеуі ұстаздық қызметін тастап, Қазақстан мен Түркия ортасында саудамен айналысады. Ауылдасым жылына бір рет қайын жұртына барып тұрады. Жерлесім өз таңдауына риза сияқты.

Бір апта жетіп жатыр…

Әсем деген құрбымның таныс қызы қыста Түркияға дем алуға барады. Өте әдемі қыз еді. Сол жақта он күн дем алып, жетінші күні бір түрік жігітпен жағажайда танысып, сол түрік жігіті сөз салыпты. Кейінен жігіт өзі іздеп келеді. Содан бастап менің құрбым, өз қаражатымен ай сайын Түркияға махабатына барып тұрды. Аяғында сол жігітке тиіп тыныш тапты. Басында екеуі екі жақта келіп-кетіп жүрді. Жігіт Түркияда, ал қыз босанғанша Қазақстанда болды. Ұл тапты. Кейінен жігіт Қазақстанға келді. Қазір де екеуі Қазақстанда тұрады. Түркияда ұсақ-түйек тірлікпен айналысқан жігіт әзірше қайын-жұртқа еркелеп, жұмыссыз. Бір қызығы менің таныс қызым түрікшеге судай. «Екі айда үйреніп алдым» дейді. Қызымыз бізге білдіргісі келмей ме әлде расымен бақытты ма, “өкінбеймін түрік жігітіне шыққаныма” дейді. Ал жігіт болса не қазақшасы не орысшасы дұрыс емес. Көбіне түрікше сөйлейді екен.

https://kaz.365info.kz/keshir-meni-nuar-dosymny-jeli-z-zil-247750

 

– Ал менің таныс қызымның жағдайы мүлдем мәз емес. Оқуын бітіріп, жұмыс істеп жүреді. Кезінде әкесі көзі тірісінде малын сатып әперген бір бөлмелі үйі бар еді. Сол кезде өзінен біраз жас үлкен бір түрік жігітімен танысады. Араларында махаббат. Сонымен екеуі үйленіп, отбасын құрады. Қыздың аяғы ауыр болып, дүниеге ұл бала келеді. Балалары бір жасқа келгенде, олар бизнес ашпақшы болып, түрік жігіттің айтуымен, таныс қызым үйін сатады. Ақшаны қалтаға салып екеуі Түркияға ұшады. Түркияға барып, сол жақта біраз болады. Сөйтіп жүргенде қыздың анасы қайтыс болып, қыз Қазақстанға қайтуға мәжбүр болады. Қыздың жалғыз шешесі ғана бар еді. Ол кісі ауылда тұратын. Баланы әкесіне тастап, қыз Өскеменге келеді. Анасының жетісін беріп, есін жиған қыз күйеуіне хабарласады. Күйеуі жақында келетіндіктерін, жұмыстарының бітпей жатқандығын айтады. Бір күні күйеуінің аяқ астынан инсульт алып, сал болып қалғандығын естиді. Енді қыз Түркияға бару үшін барып-қайтатын ақша керек. Қызға қол ұшын беретін ешкім жоқ. Не тұратын баспанасы жоқ, сатып жіберген. Сонымен сандалған қыздың есі шықты, баласын сағынып өліп жүр. Не істерін білмейді. Менің бар білетінім осы. Енді не болар екен, – деп сөзімізге қосылған Лаура құрбым.

Хасан деген кім?

Осылайша біраз әңгіме қызып, әр құрбым өздеріне таныс жағдай туралы айтып жатты. Сол кезде менің есіме бірге жұмыс істейтін қыздың әңгімесі, есіме түсті: «Менің көршім бар. Есімі – Жанна. Өте ерке қыз еді. Тәрбиесі де орысшалау. Сол Жанна былтыр Түркияға дем алуға барып, түрік жігітін тауып алыпты. Сол дем алатын орында әртүрлі ісшаралар өткізетін аниматор екен. Сол жігіт Жанна кеткенше біраз сыйлықтар әперіп, естен кетпес кештер өткізіп, қыдыртыпты (Өздеріне ғашық қылу үшін жасайтын айлалары болса керек). Қазақстанға келіп күні-түні жігітімен сөйлесіп, тіпті ай сайын Түркияға ұшып жүрді. Жолының бәрін өзі төлейді, қайтсін анасы саудадан тапқан-таянғанын сол Жаннаның жолына сап береді. Жанна өзі бірнеше рет барып келді.

Бірақ сол Хасанның бір рет те іздеп келгенін көрген жоқпыз. Қашан сұрасаң “сезон уақыты, жұмыстан шыға алмайды” дейді. Бір күні Жанна машинасын сатып, Хасанға ақша жіберді.

Сөйтсек, соңғы кезде Хасанның көңіл-күйі дұрыс болмапты. Себебін сұраса, інісі жаман аурға шалдығып, операциясына көп ақша керек екен. Содан Жанна машинасын сатып, сүйіктісінің інісін құтқару үшін, ақша жібереді. Ақыры, Хасан хабарсыз кеткен соң, Жанна қызымыз тағы іздеп іздеп барды. Бірақ Хасанды таба алмапты. Басқа жұмысқа ауысып кетіпті-мыс. Кім білсін?».

 

Осы оқиғаларды естіп, одан сайын түрік жігіттеріне ғашық болған қыздарды аяп кеттім. Тағы бір оқиға ойға еріксіз оралды. Арай есімді құрбы қызым бар еді. Ол Алматыда медициналық академияда оқыды. Біреудің жалғыз қызы. Ата-анасы ауқатты еді. Ата-анасы не кием не ішем дегізбеді. Сол Арай екінші курсқа келгенде өзімен бірге оқитын түрік жігітіне тұрмысқа шықты. Әке-шешесі қарсы болса да жалғыз қызының айтқанын істеді. Тойын жасап, қызын ұзатты. Тіпті Алматыдан бір бөлмелі пәтер де әперді. Сол “түрік” отбасын асырады. Екеуі де студент. Тапқан таянғандарын соларға берді. Балалы болды. Жігіт оқуын оқып, дипломын алған соң Түркияға кетіп қалды. Өзін жеті жыл асыраған отбасына “рахметі” сол болды. Қыз баласын құшақтап қала берді. Кейінен қыз екінші рет тұрмысқа шықты. Ал бірінші күйеуі сол күйі хабарсыз кетті, тіпті қызын да іздеген емес.

Күлпаш не дейді?

Сыныптасым Күлпаштың айтқан әңгімесі одан да қызық болып шықты. «Мен қыздармен екі бөлмелі пәтер жалдап тұрған едім. Көрші бөлмеге бір қыз көшіп келді. Есімі – Айлана. Астанада туған. Анасы ғана бар. Жағдайлары өте жақсы. Анасы мұнай компаниясында жұмыс істейді екен. Айлана екі жыл бұрын Астанаға жұмысқа келген бір түрік жігітімен сайт (Знакомства) арқылы танысып, соған күйеуге шыққан екен. Жігіт бір құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Басында қыздың шешесімен бірге тұрған екеуі. Астанада Юсуфтың жұмысынан тапқан табысы керемет болмапты. Екеуін де анасы асыраған сияқты. Кейіннен Түркияға кеткен. Түркияда жігіт тұрмысы өте нашар екен. Жұмысы да жоқ. Кедейлік өмірден жалыққан бойжеткен Қазақстанға қайтып кетіпті. Ешқайда жұмыс істемейтін Айлананы Қазақстанға келгенде анасы асырады. “Жеке тұрып үйренгем” деп анасымен бірге тұрғысы келмеді. Бірақ үнемі скайппен Юсуфпен хабарласып, сөйлесіп жүретін. Сол таныс қызымнан мен түрікше “ашкым” деген сөзді үйрендім, яғни “жаным”. Біраз уақыттан соң Юсуф “жұмыс таптым, жұмысқа шықтым” депті. Айлана қайтадан Түркияға кетіп қалды. Қазіргі өмірінен хабарсызбын.

 

Есіме біздің ауылда ертеректе бір қыз Түркияға барып оқуға сол жақта оқуын да аяқтамай бір автобус жүргізуші болып істейтін түрік жігітіне күйеуге тиіп, Түркияда қалып қойған екен. Сонда әжесі: “Осындай автобус жүргізуші өзіміздің ауылда да бар ғой, бұл жігіттің несі артық” деген әңгімесі есіме түсті.

https://kaz.365info.kz/zhezokshelik-zhasap-okhu-akhysyn-tolegen-student-bar-syryn-ajtty-275824

 

Осындай әңгімеден соң Қазақстанда жұмысқа келіп, кеш батса іштері пысып, уақыт өткізудің амалын іздеп, күнде интернеттен “Как дела?”, “Ты красивая” деп жазатын түрік жігіттерінен қорқа бастадым. Түркияға дем алуға барған қыздарымыздың түрік жігіттеріне ғашық “аурумен” ауырып қалатынын түсінбеймін. Әлде біз білмейтін бір құпия-сыры бар ма?

 

Автор: Альфия Маметқалиева, Астана

ДЕРЕККӨЗІ:  alashainasy.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз